Машинист  мәртебесі тағы асқақтады

Аймақтар
12.12.2016, 18:13
Оқуға 2 мин
 «Машинист жылы» аясында қажырлы еңбегімен көзіге түскен  Арыс және Түркістан локомотив пайдалану депосының бес машинисі «Құрметті локомотив машинисті» төсбелгісін кеудеге тақты.   Бұл күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті Марат Шакенов екі депоға арнайы келіп, машинистерді марапаттады.  Марат Арапбекұлы кездесу басында биыл еліміздің Егемендігіне ширек ғасыр толғанын, күні кеше Шу – Алматы бағытының екінші жолы мен Құрық порты сынды ел аумағындағы 23 инновациялық бағдарламалардың тұсауы кесіліп, Елбасы тікелей телекөпір арқылы іске қосқанын айта кетті. Тәуелсіздік алғалы қол жеткен жетістер мен теміржол саласының дамып, жаңа жолдар салынып, сол жолдарда жүйіткитін соңғы үлгідегі темір тұлпарлар көбейіп жатқаны ортақ жетістік екеніне тоқталды. Сондай-ақ, машинистердің қатал тәртіптегі жұмысының денсаулықтарына үлкен әсері болатындықтан, өткен жылы ұлттық компания  басшыларымен бірлесе отырып, машинистердің салалық жәрдемақы алу жасын 57-ге бекіткендерін де айта кетті.   – «Жүк тасымалы» АҚ эталоны – локомотив бригадалары дер едім. Ол дегеніңіз – машинист пен машинист көмекшісі. Мен теміржолшы әулетінде өскен бірінші сыныпты машинистпін. Қазіргі қызметім басқа болса да, соңғы үлгідегі тепловоз, электровоздарды тізгіндеуді меңгердім. Себебі, кәсібіме қызығамын, әрі осы кәсіп иелерін  құрметтеймін. Машинист тежегішті басқанда соңғы вагонның тоқтағанын сезіну керек. Сіздер  – теміржол саласының өте мәртебелі мамандық иесісіздер, соны мақтан тұтуларыңыз керек, – деген Марат Арапбекұлы әріптестерінің қажырлы еңбегіне ризалығын білдірген астаналық қонақ  «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісімен Арыс локомотив пайдалану депосының машинистері Тұңғышбек Мейірбеков пен Владимир Касьяновты, Шымкент локомотив айналым депосынан Жұмабек Әбішевті, Түркістан  локомотив пайдалану депосынан Александр Жылков пен Аманжол Тәттібаевті  марапаттады. Төсбелгімен қатар оларға 15 АЕК көлемінде сыйақы берілді. Депо бастығы Қалдыхан Өтегенов ағымдағы  жылы елеулі  еңбегімен көзге түсіп, жақсы жетістікке қол жеткізген Мансұр Оспанов, Асылхан Арапов, Арқабай Әшірбеков, Мейірбек Иматтуллаевтарға Мақтау грамотасын табыс етті.

Динар МЕЙІРМАН, Арыс

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде