Шымкентте қараусыз малдан қайыр болмай тұр

Аймақтар
30.06.2021, 09:19
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жыл басынан бері Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі толық сақталып отыр, ешқандай қауіпті бұзушылықтарға жол берілмеді. Дегенмен, басты қауіп қараусыз жайылған төрт түліктен төніп отыр. Теміржолшылардың бас ауруына айналған мал басу оқиғасы биыл да азайған жоқ. Машинистер тарапынан 12 шұғыл тежеу оқиғасы орын алды. ПЧ-53 бойынша 8 жағдай, ПЧ-54 бойынша 4 жағдай тіркелді. Бұл былтырға қарағанда азайған көрінеді, өткен жылы бұл уақытта 49 жағдай тіркелген болатын. Екі жол дистанциясы бойынша төрт мал басу оқиғасы орын алды. Көктерек-Түлкібас өткеліндегі 3374 шақырымдағы төртінші пикетте жылқыны қағып кеткен. Дегенмен локомотивке ешқандай зиян келмеген, теміржолдың бойында қоршау болмаған. Түркістан-Арыс учаскесіндегі РЗД-37 – Қарақоңыр өткелінде 3181 шақырымдағы 8 пикетте №2624 пойыздың машинисі Расулов шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Себебі жолдың бойында түйе жайылып жүргендіктен дер кезінде тоқтатып үлгерді. Мұнда да жолдар қоршаусыз болған. Түлкібас-Арыс теліміндегі Қорғасын-Игілік өткелі 3275 шақырымдағы бесінші пикетте №2493 электровоз 62 км/сағат жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тоқтауды іске қосты. Себебі машинист Нұрбеков жолда жайылып жүрген сиырды көріп қалады. Малдың иесі табылып, оған Шымкент ЖПБ капитаны хаттама толтырды. Тағы бір мал қағу дерегі Қалаш-Бадам өткелінде орын алды. Мұнда да машинист жолда жайылып жүрген сиырды көріп, шұғыл тоқтады. Жол екі жақта да қоршаулы болған, локомотивке зиян келмеген. Арыс-Сарыағаш учаскесі Жылға-Дарбаза өткелі 3312 шақырымдағы төртінші пикетте 2329 электровоздың машинисі Иманбеков 45-50 км/сағ жылдамдықпен шұғыл тежеу қолданды. Себебі жолда сиыр жайылып жүрген. Локомотивке зақым келмеген. Сонымен қатар, Сарыағаш-Дарбаза мен Ынтымақ-Манкент өткелі аралығында да сиыр және жылқы малын қағып кете жаздаған дерек тіркелді. Аталған мәселені жанайқай қылып жыл сайын көтерсе де теміржолға жақын тұратын тұрғындардың қаперіне кіріп-шықпайтыны қынжылтып тұр дейді сала мамандары.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады