Ақтөбе станциясы аумағында үш күнде 34 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Аймақтар
30.06.2021, 09:58
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптаның соңғы үш күнінде Ақтөбе станциясының қызметкерлері желілік полиция бөлімімен бірлесе теміржол аймағында тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» атты кең көлемді акциясын өткізді. Теміржолшылар тұрғындардың бейқамдығы мен өміріне жауапкершілік танытпайтындығына алаңдайды. Ақтөбе станциясы аумағында үш күнде 34 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондықтан, акция барысында сақтық шараларына шақырған парақшалар таратып, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін ескеруге шақырды. «Арнайы белгіленген жерден өту, жол бойында құлаққап тақпау, станция аумағын, теміржол бойын таза ұстау туралы жұмыстар апта сайын өтеді», – деген Ақтөбе станциясының басшысы Нұрлан Ермағамбетов әр аптаның 7 күнінде 24 сағат бойы қауіпсіздік басты назарда екенін жеткізді. «Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқық бұзушылықтарды ескерту және анықтау болып табылады», – дейді Көліктегі ПД Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері Роза Төлегенқызы. «Мүлдем төзбеушілік» акциясы аясында үш күнде 34 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшыларымен әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Егер әр азамат өз-өзіне бекем болып, сақтық шараларын сақтап жүрсе, соның өзі қауіпсіздіктің сақталуына үлкен үлес» дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады