Қызылордалық машинистері жолға шыққан малды баспас үшін 28 рет пойызды тоқтатқан

Аймақтар
02.07.2021, 13:51
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Бақытбек Сәрсенов жыл басынан бері жергілікті теміржолшылар тарапынан кешенді іс-шаралар қолға алынып, көлемді жұмыстар жасалғанмен, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне түрлі деңгейде қауіп төніп, соның әсерінен жылжымалы құрамдардың қозғалыс кестесі бұзылып отырғанын хабарлады. Жалпы бөлімше бойынша биылғы жылдың алты айында локомотив машинистері жолға шыққан мал-жанды баспас үшін 28 рет шұғыл тежегіш беріп, пойызды тоқтатқан. – Қызылорда магистральдық желі бөлім- шесіне қарасты Сексеуіл-Жезқазған, Сексеуіл-Түркістан станциялары аралығында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамта- масыз ету үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Алайда, бөгде адамдар мен иесіз малдың теміржолға шығып кетуінен қозғалысқа кедергі көбейіп отыр. Қараусыз малдың пойызға басылу жағдайы өткен жылмен салыстырғанда 5 жағдайға артып отыр. Адамдардың пойыз астына түсуі көбіне ішімдіктің салдарынан және белгілі-белгісіз аурудың, түсініксіз жағдайдың әсерінен өз өмірлеріне қауіп төндіретіндер де көбейген. Ал халықтың бала-шағасының несібесіне деп өсірілген ақ-адал малын қараусыз жі беріп, пойыздың астына түсуіне жол беруі барып тұрған жауапсыздық емес пе? – деп шарасыздық танытты қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Бақытбек Сәрсенов. Қауіпсіздіктің сақталуы үшін аймақ теміржолшылары жол бойындағы қоршауларды арттырған, биыл ескілерін жаңартып, жаңадан 74 шақырымды қоршау жұмыстары қолға алынуда. Сонымен қатар 137 шақырым қоршауды жаңартып-жөндеу жұмыстары барысында 16,33 шақырым қоршау жөндеуден өткізіліпті. Жыл басынан бері станцияларда 139 рет түсіндіру жиындары өтіп, ол 4470 адамды қамтыған. Теміржол маңына мал бағу және жолдан малды айдап өткізу ережесімен 6729 тұрғын таныстырылған, 4738 тұрғынға ҚР әкімшілік Кодексінің 439-бабының 1-5-тармақшаларынан үзінді парақтар таратылған. Мектептер мен жоғары оқу орындарында 73 рет жиналыс өткізіліп, 5187 оқушыға теміржолдың қауіптілігі түсіндірілген. Желілік ІІб инспекторлары мен теміржолшылар бірлесіп 76 рет рейд өткізген.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады