Қызылордада станциясында 28 рет темір жолды белгіленбеген жерден қиып өту фактісі анықталған

Аймақтар
09.07.2021, 14:35
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Әскерилендірілген темір жол күзетінің ұйымдастыруымен Қызылорда станциясы мен жол дистанциясы, жергілікті желілік полиция бөлімі қызметкерлері бірігіп кезекті қауіпсіздік рейдін өткізді. Жылжымалы құрамдар, жалпы теміржолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету – аймақтағы барлық мекемелердің ортақ мүддесі. – Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық бейімділіктің алдын алып ескерту, олардың түнгі мезгілде ересектердің бақылауынсыз жүрмеуін бақылау, балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғаға ұшырауын болдырмау, вагон терезесіне тас ату секілді зиянды әре- кетке әуестенудің жолын кесу мақсатында салалық мекемелер теміржолшыларының бірлескен рейдін өткіздік. Рейд кезінде ҚР ІІМ мүлікті қорғау жөніндегі 2021-23 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру шаралары жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары жасалды. Теміржолдың қауіпті аймақ екені тағы ескертілді, – деді Әскерилендірілген теміржол күзетінің маманы Жандос Тарманов. Рейд барысында бөгде адамдардың теміржолды белгіленбеген жерден қиып өтуі жыл басынан бері 28 рет орын алғаны, иесіз малдың рельске шығып кетуінен тепловоз машинис- терінің 12 рет шұғыл тежегіш қолданғаны секілді мысалдар келтіріліп, тұрғындарға темір жол маңына жақындағаннан аса сақ болуы, оны тек арнайы белгіленген жерден кесіп өту керектігі қатаң ескертілді. Рейд мүшелерінің ескертуіне құлақ асқан тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін де білдірді. – Қаланы екіге бөліп жатқан теміржол желісі, шынында, аса қауіпті. Қаланың солтүстік шығысындағы тұрғындар осы теміржол желісін не көлікпен немесе жаяу кесіп өтуге мәжбүр. Кейде желі бойындағы өткелдер ұзын сонар кезекке айналады, ондай кезде асыққан көлік иелері мен жаяу жүргіншілер келе жатқан пойыздан бұрын үлгеріп өтіп кетемін деп асығыстық жасап, келеңсіз жағдайға тап болатыны рас. Ондай жағдайдың алдын алу үшін сақтық бәрімізге керек, – деген жергілікті тұрғын А.Нұржанов қазіргі кезде көлік құралдарының көбеюінен кезінде Жанқожа батыр көшесі мен Шұғыла ауданында жабылған ескі өткелдердің ашылуын және жаңадан көпір салынуын сұраған тұрғындар сауалы жауапсыз қалғанын жеткізді. Құзырлы органдар құрылыстың сметалық-жобалық құжаттары жасалуда, құрылыс қаржыға қатысты тоқталып тұр деген уәж айтады, одан не пайда, келеңсіз жағдайлар қайталануда деседі жергілікті халық.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады