Ақтөбеліктер өрттен сақтанудың қамына кірісті

Аймақтар
16.07.2021, 12:22
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шілденің аптап ыстығы қай өңірге болмасын оңайға соғып отырған жоқ. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында теміржолшылар төтенше жағдай қызметімен бірлесе тілсіз жаудан сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті. Кешенді жаттығуға аудандағы барлық құрылымдар мен мекемелер, өрт сөндіру пойыздары түгел қатысты. Жаттығу төтенше жағдайда күш құрылымдарының дайындығын тексеріп, іс әрекетіне баға берді. Мәртөк ауданында өрт қаупі жоғары орманды алқап бар. Оқу-жаттығу жоспа- ры бойынша сондағы Таулы орман шаруашылығының аумағында өрт пайда болады. Ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты қатты жел мен қуаңшылықтан аумақтағы өрттің тез жайылып кету қаупі бар. «Орман – ортақ байлығымыз. Оны сақтау әр тұрғынның міндеті. Жазда табиғат аясында демалып, уақыт өткізетін- дер көп. Бірақ, жер ошақ қазып өтты өшірмей кететіндер, қоқыстарды сол жерге шашып кететіндер көп. Одан өрт шығуы әбден ықтимал. Тіпті лақтыра салған темекі тұқылының өзі бүкіл алқапты өртке ораған жағдайлар да болды. Біздің міндетіміз теміржол бойын өрттен қорғау болғандықтан, ыстық күндері оқу-жаттығу жұмыстарын осы аумақта өткізіп жатырмыз»,– дейді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев. Жаттығу барысында өртке қарсы қызметтердің күш құралдарының қатысу тәртібі, өрт пойыздарының жұ- мысы, олардың бір-бірімен байланысы мен әрекет ету жаттығулары ұйымдастырылды. Шара барысындағы эвакоқабылдау пунктіне көшу жұ- мыстары да жоспардағыдай жасалып, эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау орналастыру тәртібі көрсетілді. Кешенді комиссия қорытындысына сәйкес теміржол бойындағы өрттің алдын алу жұмыстарына оң баға берілді. Бұл оқу-жаттығулар түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға септігін тигізетіні атап өтілді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады