Ақтөбе-Товарная станциясында ағаш шпалдар темір-бетон шпалдарға ауыстырылды

Аймақтар
23.07.2021, 10:47
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе-Товарная станциясы аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Вагондарды сұрыптау, сақтау, жүктерді жөнелту жұмыстары атқарылатын таулы аймақтағы станцияда үш мың ағаш шпалдар отандық темір-бетон шпалдарға ауыстырылды. Биыл станциядағы 800 метр болатын төрт сұрыптау жолы жаңарды. Жол табанын сауықтыру жұмыстары екі айға созылған. Аталған жұмыстар учаскедегі жол сапасын жақсартып, қауіпсіздігін күшейтетіні сөзсіз. Себебі бетон шпалдардың тез шіритін ағаш шпалға қарағанда қызмет көрсету мерзімі ұзақ әрі берік. Осыған дейін 2006 және 2015 жылдары станция аумағындағы сұрыптау жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағаш шпалдардың беріктігі арттырылған. Маневрлік жұмыстар көп болатын станцияда ағаш шпалдар қауіпсіз емес. Сондықтан оларды темір-бетонға ауыстыру жылдық жоспарда қарастырылған.

– Жөндеу жұмыстары негізінен кешенді көлік көмегімен жасалынды. Мұнда адам күші аз қажет етіледі. Жөндеу жұмыстары кезінде 20 жол монтері тартылды. Жұмысшылар арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау шаралары алынған. Станция аумағындағы ағаш шпалдарды темір-бетон шпалдарға ауыстыру, бағыттамалық бұрмаларды алмастыру, қайта тігу, түзету бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезінде қозғалыс тоқтаған жоқ, – дейді Ақтөбе жол дистанциясы басшысының орынбасары Дархан Орынбаев.

Жол дистанциясы келесі ағымдағы жөндеу жұмыстарын Қаратоғай станциясында жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті