Бердібек Сапарбаев пен ҚТЖ басшысының орынбасары Тараз вокзалындағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Аймақтар
23.07.2021, 11:50
Асхат Райқұл

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаровпен бірге Тараз теміржол вокзалының жөндеу жұмысымен танысты. 1986 жылы салынған вокзалға бүгінде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігері – «Энергетикалық құрылыс» ЖШС. Вокзал түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болуда. Құрылысшылар шатырды, есіктер мен терезе жақтауларын ауыстырып үлгерген. Ғимараттың қасбетін де жаңарту жоспарда бар. Нысанның заманауи дизайны Жамбыл облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге әзірленіпті. Сондай-ақ жаңа билет кассалары орнатылып, су құбыры, кәріз және жылу жүйелері ауыстырылады. Жолаушылар терминалы, қонақ үй мен асхана орналасқан екінші қабатта да қызу жұмыс жүруде. Мердігерлер жөндеу жұмысы кестеден кешікпейді деп сендірді. Жергілікті сәулетшілер ғимараттың қабырғаларын көркем суреттермен безендіруде. Жолаушылар платформалары, вокзал аумағы да ретке келтірілмек. Айта кету керек, вокзал қалыпты режімде жұмыс істеуде. Мердігер билет кассаларына арналған уақытша ғимарат тұрғызған. Бердібек Сапарбаев вокзал маңындағы барлық нысандардың бірыңғай стилі мен мазмұнға ие болу керектігін атап өтті. Осы орайда, іргедегі тұрғын үйлердің қасбеттері де жаңартылатын болады. Ал Бауыржан Орынбасаровтың айтуынша, жаңғыртылған вокзалдың нобайынан оның тартымдылығын аңғаруға болады. Ол жергілікті әкімдіктің осы жауапты шаруаға мүдделілік танытқанына ризашылығын білдірді. «Біз жергілікті билікпен әркез бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз. Барлығымыз да халықтың игілігі үшін қызмет етеміз», – деп ойын білдірді ол Вокзал күтімінің кепілі

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады