Жұттан темір жол жағалаған малды пойыз қақпауы үшін 10 шақырымдық қоршау салынды

Аймақтар
24.08.2021, 11:59
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудың малдарына биыл нағыз жұт келгендей. Қуаңшылық кесірінен жем іздеген аш-арық мал теміржолды жағалап жүр. Биылғы жылдың бес айында 62 мал пойызға басылған. Адал малдың бұлай арам қатып жатқанына жүрек сыздап, жаның ашиды... Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау теміржолы бойынша бас ревизоры өткен бес айда маңғыстаулық машинистер жолға шыққан малды баспас үшін жүзге жуық шұғыл тежеу беріпті. Бұл жалпы түбек теміржолы бойынша. Ал бір ғана Маңғыстау жол дистанциясының аумағында шұғыл тежеулер саны жүзден де асып кеткен.

– Жыл басынан тамыз айына дейін жолға шыққан мал үшін ТЧЭ-6 машинистері тарапынан 137 оқыс тежеу тіркелді. Соның 28-і мал басылумен аяқталды. Биылғы құрғақшылықтың да салдары болар, төрт түлік теміржол жағалауға үйір. Жол жиегіне шыққан азын-аулақ шөпті талғажау етемін деп пойыздың астына түседі. Малдың жолға көп шығатын бекеттерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, жеті айда жалпы саны 824 адамға түсінік жүргіздік, одан пайда жоқ, ашынған халық өзімізге дүрсе қоя береді, – деген Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаев теміржолдағы малмен байланысты жағдайдың алдын алу үшін бұдан бөлек қоршауларды жөндеу, жаңадан салу жұмыстары өз ретімен жалғасып жатқанын айтады.

Мекеме биыл жоспар бойынша 25 шақырым малдан қоршау салуды жоспарлаған. Тамыз айына дейін соның 10 шақырымы біткен. Дистанция мамандары әкімдік, желілік полиция бөлімшесінің инспекторлары, магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе мал иелерімен профилактикалық жұмыстарды жүргізіп-ақ жатыр, теміржол маңына мал баққан азаматтарға 5 АЕК мөлшерде айыппұл салынатынын да ескертеді. Әрине, айыппұл өз алдына. Одан бұрын теміржол қауіпсіздігі, малынан айырылған отбасының бюджетіне түсетін салмақ бар. Сыртқа айдалған малдың қуаңшылықтан күйіп кеткен далада шөп таппай сенделіп құламасына не пойыз астына түсіп арам қатпасына кім кепіл? Бір шара қабылдау керек-ақ...

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады