Жіңішке станциясы ТМД-дан бөлек алыс-жақын шет елдерге жүк жөнелте бастады

Аймақтар
27.08.2021, 10:47
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке станциясы ТМД елдерімен қатар, Америка, Жапония, Германия, Ресей, Израиль секілді елдердің алпауыт компанияларымен байланыс орнатып, жүк жөнелту жұмыстарын тиімді ұйымдастырып отыр. Бірінші класты станция Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, «Синойл» компаниясы секілді ірі жүк жөнелтушілермен жұмыс істейді. Станцияда алты айдағы тиеу-түсіру жұмыстарының жоспары әдеттегідей артығымен орындалды. Алты айда Жіңішке станциясынан 692 285 тонна жүк тиеліп, 11 341 вагон жүк жөнелтілген. Оның ішінде құрылыс материалдары 3456 вагон, қара металл 3018 вагон, химиялық өнім 809 вагон, мұнай 26 вагон, астық 91 вагон, металл сынығы 670 вагон жөнелтілген. Станция басшысы Талғат Сағыновтың айтуынша, мұнда 50-ден аса кірме жол бар.

«Станция алыс жақын мемлекеттерге, соның ішінде Америка, Жапония, Германия, Израиль, Ресей секілді елдердің алпауыт компанияларына, ТМД елдеріне жүк жөнелтеді. Жұмыстардың барлығы халықаралық талаптарға сай. Қауіпсіздік толық сақталған», – дейді станция басшысы.

Станцияда металл сынығын жөнелту 155,5 пайыз, химиялық өнімдер 114,9 пайызды құраған. Түсіру жұмыстарының жоспары 104 пайызға орындалды. Оның ішінде қара металл, металл сынығы, құрылыс бұйымдарының жоспары артығымен орындалды. Басқа өңірлерден негізінен күкірт, руда, кокс, известь, сода, құйылмалы тауарлар әкелінген. Сонымен қатар, Жіңішке станциясына қарайтын Қызғалдақты станциясындағы жүк жөнелту жұмыстары 114 пайызға орындалды. Соның ішінде қара металл мен металл сынықтарын тасымалдау жұмыстары артығымен орындалған. Ал станциядағы алты айдағы түсіру жұмыстары 106 пайызды құраған. Жүк тасымалының артуына тиімді транзиттік тасы- малда қолданылып жатқан заманауи логистикалық әдістер әсер етіп отыр.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады