Тұрғындар қауіпсіздігі үшін станция мен ауыл арасына жолүсті көпір салынды

Аймақтар
03.09.2021, 11:25
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолының Сай- Өтес станциясы мен станцияға жақын маңдағы ауыл арасында қатынайтын тұрғындар енді теміржол үстімен еш алаңсыз, қауіп-қатерсіз, емін-еркін өте алады. Себебі, станцияда теміржол үстімен жаяу жүргінші көпірі салынды. Жаңа нысан халық игілігіне таяуда берілмек. Бұл, әсіресе, осыған дейін шектеу ша- раларына қарамастан жанын шүберекке түйсе де жолды қысқарту үшін теміржол үстімен тіке кесіп өтетіндер үшін жақсы жаңалық болды. Енді олар да қауіпсіз, теміржолшылар да жолдан өткен-кеткенді торуылдап, қауіпсіздік үшін әркімге жеккөрінішті болмайды. Құрылысты Маңғыстау ауданы әкімінің тапсырысы бойынша «АқжолҚұрылыс» ЖШС жүргізді. Көпірдің жобасы «Қарақұдықмұнай» мұнай компаниясының әлеуметтік жобалары негізінде жүзеге асты. Көпір құрылысы шілде айында басталып, тамызда аяқталды. Қазір нысан тапсыруға дайындалуда, таяу күндері қолданысқа толықтай берілетін болады. – Көпір алты жолдың үстінен, теміржол вокзалы мен вагондарға техникалық қызмет көрсету ғимаратының арасынан өтеді. Ол жерден негізінен Сай-Өтес станциясы мен Толыбай ауылы арасында қатынайтын тұрғындар өтетін. Ойын балалары да екі ортада көп жүреді. Жүк пойыздары станция жолдарында тұрған уақыттарда балалар соның астынан да өтіп кететін. Ертеректе пойыз қозғалып кетіп, қалың қардың кесірінен жолдан дер кезі өте алмай қалған екі бала мүгедек болып қалған еді. Сондықтан, жаяу жүргіншілер көпіріне бәріміз қуанып жатырмыз, – дейді Сай-Өтес станциясының басшысы Ерлан Нұрмолда.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады