Қандыағаш вокзалында қауіпсіздік шараларына арналған үш күндік рейд өтті

Аймақтар
03.09.2021, 11:38
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш теміржол вокзалы маңында құқықбұзушылық пен қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» рейді өтті. Шараға вокзал қызметкерлері, Қандыағаш станциясының желілік полиция қызметкерлері және еріктілер қатысты. Қауіпсіздік рейді үш күн бойы өтті. Басты мақсат – вокзал аумағындағы қауіптің алдын алу, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етіп, түрлі бұзақылықты болдырмау.

«Шара кезінде вокзал қызметкерлері желілік полиция қызметкерлерімен бірлесе күту залы мен перронды аралап, жолаушыларға қауіпсіздік ережесі жазылған парақшаларды таратты, адамдардың теміржолды кесіп өтерде қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруі ескертілді. Сонымен қатар елдегі пандемия жағдайына байланысты жолаушылардан бетперде тағу, арақашықтықты сақтау тәртібі талап етілді. Халыққа қызмет көрсету орны болғандықтан вокзал айналасы барынша қауіпсіз болуға тиіс», – дейді Қандыағаш вокзалының басшысы Жанна Иманова.

«Тұрақты түрде жүргізілетін іс-шараларға қарамастан елімізде теміржол көлігін шұғыл тежеу, жылжымалы құрамның адамдар мен малды басып кету оқиғалары жалғасуда. Сол себепті азаматтар теміржол көлігі ай- мағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, өз өміріне және теміржол көлігіне қауіп тудырмау керектігін есте сақтағандары абзал. Теміржол – қауіпті, ол қателікті көтермейді», – дейді Қандыағаш станциясы ЖПБ бастығының бірінші орынбасары Ержан Сырлыбаев. Қандыағаш вокзалында жолаушыларға арнап профилактикалық сұхбаттар да жүргізіліп, халықты темір жол объектілерінде қауіпсіздік шараларын сақтау мен қырағылықты көтеру және теріс қылық іс-әрекеттерді жасамауға шақырып, танымдық брошюралар үлестірілген.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады