Маңғыстауда өрт сөндіру мамандарын машықтандыратын оқу-жаттығу өтті

Аймақтар
07.09.2021, 11:10
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы кезде жер-жерде бұрқ ете қалған өрт оқиғалары жиілеп кетті. Сондықтан темір жолдың өрттен қорғау қызметтері де «етек-жеңдерін» жиып, сақтық шараларын күшейтті. Жуырда Маңғыстау станциясындағы 42-тұйықта мұнайы бар цистернадан өрт шықты. Жағдай дереу тиісті орындарға хабарланып, өртке қарсы құрылымдар шұғыл түрде оқиға орнына жетті... Бұл Маңғыстау станциясында өткен өртке қарсы кезекті тактикалық оқу-жаттығу болатын. Сценарий бойынша түскі сағат 12.00 уақытында станция тұйығындағы мұнай тиелген №53872768 цистернада «өрт шыққаны» туралы хабарланды. 10 минуттың ішінде Маңғыстау станциясындағы өрт сөндіру пойызының жеке құрамы жиналып, оқиға орнына келіп жетті. Сағат 12.03 минут өткенде әрқайсысында алты адаммен өртке қарсы мұздай қаруланған бір АЦ-8-40 "Урал", АЦ-5-40 "Урал", АЦ-2,5 "Зил" және Мұнайлы ауданының №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы бастаған АЛ-37 "Камаз" арнайы техникалары дайын болып, жеті минуттан соң жедел іске кірісті. Сағат 12.15-те облыс орталығынан АЦ-8-70, АЦ-3,2-40 "Камаз" өрт сөндіруші автокөліктері көмекке келіп, өртті ауыздықтауға жұмыла кіріскен арнайы техника мен мамандар бірнеше минуттың ішінде қызыл жалынның бетін қайтарды. – Өртті өшіруге су мен көбік қолданылды. Жауынгерлік қанат жаю арқылы бір жақтан су, екінші жақтан көбік шашып, өрт толықтай сөндірілді. Өртті сөндірудің жалпы уақыты 18 минутқа созылды. Оған өрт сөндіру пойызының жеке құрамынан 10 адам, сондай-ақ жергілікті теміржол мекемелерінен 11 адам қатысты. №5 өрт сөндіру бөлімінен 21, қалалық өрт сөндіру бөлімшесінен 15 өрт сөндіруші болды. Барлығы 86 адам жұмылдырылды. Өртті өшіруге 7560 литр су, 56,7 көбік және техникалардың жүруіне 10,8 л. АИ-92 жанармай кетті. Оқу-жаттығу барысында қажетті құрылымдардың дайындығы пысықталып, мүмкіндігі көрінді. Жалпы, аталған іс-шара ойдағыдай, қателіксіз өтті, ең бастысы құрамның жылдамдығы мен сақтық әрекеті назарға алынды, – дейді Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының бастығы Қайырхан Таласов.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады