Нұр-Сұлтаннан баратын комиссия Семейдегі ірі жүк станцияларын күзгі тексеруден өткізеді

Аймақтар
10.09.2021, 10:27
Теміржол шаруашылықтарында тағы бір сынақ – күзгі комиссиялық тексеру басталды. Бүгінгі таңда барлық станциялар мен теміржол мекемелері қысқа даярлық сатысына көшуде. Күзгі байқау – дайындыққа баға беретін емтихан болмақ. Ел шығысындағы семейлік теміржолшылар жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай күзгі тексеру жұмыстары қарсаңындағы даярлық шараларын бастады. Бұл ретте бөлімшедегі шаруашылық ревизорлары желі бойындағы жазғы жұмыстарды қорытындылап, алдағы қысқа даярлықты пысықтауды бастап кетті. Дүйсенбіде Аягөз өңіріндегі Жүзағаш станциясынан басталған ревизорлық тексеру жұмыстары Ақтоғай мен Аягөз аралығындағы 133,4 шақырымдық телім бойын толықтай сүзіп өтті. Осыдан кейін Жаңғызтөбе мен Шар станциялары аралығында орын тепкен шағын жол айрықтарындағы атқарылған шараларды тексеріп шыққан шаруашылық ревизорлары апта соңына қарай Дегелең-Жаңа-Семей және Ауыл-Семей станциялары аралығын қадағалауға алды. Ескертулер мен кемшіліктер жайлы мәліметтер нақтылануда.
– Негізінен шағын станциялар мен жол айрықтары тексерілуде. Ал, Аягөз, Шар, Жаңа-Семей сынды ірі жүк станциялары болжам бойынша қыркүйектің 20-на таман өтетін күзгі комиссиялық бақылау кезінде толық қаралады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы комиссияның келуін күтіп отырмыз, – дейді бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің қызметкерлері.
Ғимараттар мен үймереттер, желі бойындағы жекелеген нысандар, модульдер мен байланыс құрылғыларының қатал маусымға әзірлігі шаруашылық ревизорларының «қамшылауымен» ерекше күш алуда. Өткен қыс шығыстағы теміржолшылар қауымы үшін үлкен сын болғанымен тосын жайттар орын алмаған. Биыл да қыстан қысылмай шығу үшін теміржолшылар алдағы күзгі сынға әзірлік жұмыстарын тыңғылықты жүргізуде.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады