Семей Семей жүк тасымалы бөлімшесіндегі жұмыскерлер денсаулығы жіті бақылауда

Аймақтар
17.09.2021, 12:14
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Өмір мен денсаулықты сақтаудың негізі – еңбек қауіпсіздігі» ұстанымы аясында семейліктер нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр. Семей жүк тасымалы бөлімшесі еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлері бастамасымен жыл басынан бері бірқатар айлықтар мен акциялар өткізіліп, желі бойындағы теміржолшылар толық қамтылған. Бұл орайда ақпараттандыру мен алдын алу шараларына айрықша мән берілуде. Соңғы статистикалық деректер көрсеткендей, сала қызметкерлері арасында жүрек-қан тамыр аурулары жиі тіркеледі екен. Мәселен, өткен жылы жұмыс орнында денсаулығы кенеттен сыр беру бойынша үш оқиға тіркелген. Үшеуі де жүрек ақауы, өкінішке қарай, екеуі қызмет орнында ажал құшқан. Өлімге апарып соқтырған дерт – миокард инфарктісі. Сондай-ақ, өндіріспен байланысты емес бір жарақаттану фактісі орын алған.

– Бұл жайттар теміржолшылар арасындағы еңбек қауіпсіздігі, өмір мен денсаулықты сақтау бойынша атқарылатын жұмыстарды еселеп отыр. Атап айтсақ, орын алған тосын оқиғалар бойынша ұлтық компания көлемінде жоспардан тыс инструктаждар өткізіліп, кесте бойынша бекітілген қауіпсіздік және еңбекті қорғау нұсқамалары қайта қаралды, – дейді бұл орайда бөлім- шенің еңбекті қорғау бөлімінің мамандары.

Сонымен қатар, қазіргі таңда барлық өндірістік кеңестер кезінде «қауіпсіздік минуты» өткізіліп, тосын оқиғалар бюллетендері таратылуда. Мұның сыртында өндірістік гимнастикалар спорт нұсқаушыларының көмегімен орындалады. Дегенмен бір бұл емес, аталмыш бөлім мамандары жұмыс орындарында өзін жайсыз сезінген қызметкерлердің қан қысымын, жүрек соғысын өлшеуді тұрақты жолға қойған. Бұл орайда дене қызуы көтерілген теміржолшылар жиі тіркеледі екен. Олар бірден оқшауланып, басшылықтың рұқсатымен үйіне немесе бірден жедел жәрдем станциясына жіберіледі. Шаралар нәтижесіз емес, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша соңғы 8 ай ішінде бірде-бір тосын оқиға орын алмаған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады