Маңғыстау теміржолында күзгі комиссиялық тексеріс «Болашақ» станциясынан басталды

Аймақтар
17.09.2021, 12:17
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында күзгі комиссиялық тексеріс Түркіменстанмен шекарадағы станциядан басталды. 13 қыркүйек күні күзгі тексерісті жүргізу мақсатында Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов бастаған комиссия Болашақ станциясына аттанды. Комиссия құрамында жол және магистральдық желі бөлімше басшыларынан басқа ревизорлар, инженер мамандар мен бөлім басшылары бар. Олар өз салалары бойынша станциядағы барлық мекемелерді аралап, жұмыстарына тексеріс жүргізіп, қысқы мерзімге дайындығын көрді. Болашақ станциясы мен станцияда орналасқан ПЧ, ШЧ, ЭЧ, Теміржолсу, ТҚКП, вокзал, өрт сөндіру пойызы, теміржол күзеті сияқты мекемелер нысандарының жағдайы, қысқа дайындығы, іс жүргізу барысымен танысты.

– Комиссия станция жолдарын, бағыттама бұрмаларын, бағдаршамдарды, жарықшамдарды, жылудың берілуі, жұмыс тәртібін жан-жақты қарап, тексерді. Кейбір жұмыстарға қатысты ескертулер мен тапсырмалар да берілді. Енді сол аталған кем-кетікті жою үшін жұмыстанамыз. Жалпы, жылда өтетін бұл байқаудың маңызы зор, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Болашақтан шыққан комиссия бағытты Өзен станциясына бұрды. Бұл сапар Маңғыстау-Болашақ- Өзен-Маңғыстау бағытындағы станция, бекеттер мен мекемелерді күзгі байқаудан өткізу жоспарланған. Ал қыркүйектің 20-нан Маңғыстау -Құлсары-Тассай-Оазис-Маңғыстау бағытында байқау өтеді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады