Маңғыстаудағы 50 тепловоз күзгі комиссиялық байқаудан өтеді

Аймақтар
21.09.2021, 12:05
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Локомотивтерді қысқы маусымға әзірлігін сынақтан өткізетін шара басталды. 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында күзгі комиссиялық байқауға кіріскен локомотив шаруашылығының мамандары қауырт жұмысқа жегілген, «отарбаларды» алдағы қатал маусымға сақадай сай етудің қарекетімен жүр, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бүгінде Маңғыстау локомотив пайдалану депосының паркінде 54 тепловоз бар. 40 данасы МК сериялы, 14 ТЭМ сериялы тепловоз. Соның ішінде көлемді жөндеу жүргізілуіне байланысты 37 дана МК сериялы, 13 дана ТЭМ, барлығы 50 тепловоз күзгі комиссиялық байқаудан өтеді. Күзгі комиссиялық байқау жүргізілмейтін тепловоздар да бар. Олар – СҚК-6, ТҚК-7, ТҚК-8 жөндеуін талап етіп тұрған 2ТЭ10МК-0801 АБ, 2ТЭ10МК-0070, 0478 АБ, ТЭМ-2 7503 тепловоздары.

– Тепловоздарды алдағы қыс мезгіліне дайындау үшін күзгі тексеріс алдында депо бастығының төрағалығымен арнайы комиссия құрылып, атқаратын жұмыстар легі айқындалды. Алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр, сондықтан ең алдымен тасымалды қамтамасыз ететін локомотивтер үнемі жарақты күйде болуы шарт, теміржол қозғалысы тоқтап қалмауы үшін ең басты қажеттілік осы тартым күшіне байланысты. Сондықтан, локомотивтердің қыс маусымында мүлтіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында біраз жұмыстар қолға алынды. Жауапты мамандар белгіленіп, тиісті міндеттер қойылды, – дейді бұл туралы ақпарат берген Маңғыстау локомотив пайдалану депосының жөндеуді бақылау бөлімі бастығы Сәбит Зияев.

Жоғарыда аталған жұмыстардан мысал келтіре кетсек, локомотивтердің құрал-саймандарын, реттеу құрылғысын «ашып-жабуға» арналған құралдарын тексеру, кабина іші, күл салғыштарды, техникалық қобдишаларды ретке келтіру, машинист кабинасын қыстық мезгілге дайындау, күзгі комиссиялық байқаудан өтіп келген локомотивтерге моторлы осьтік мойынтірек ванналарына қыстық май құюды қадағалау, тепловоздардың күзгі комиссиялық байқауға және жоспарлы жөндеуге кесте бойынша уақытында ағыту, локомотивтерінің мәденистетикалық жағдайын жақсарту, кабинаны жылытқыш колориферлерінің дұрыс істеуін қамтамасыз ету сынды жұмыстар тоқтаусыз жүріп жатыр.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады