Арыс локомотив пайдалану депосында 54 қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылған

Аймақтар
21.09.2021, 14:52
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Кез келген жұмыс орнында жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбек қорғау басты орынға қойылады. Өйткені, бұл – ең алдымен адам өмірі. Арыс локомотив пайдалану депосында қауіпсіздік қай деңгейде, назар салып көрелік. Жалпы, ТЧЭ-32 бойынша бүгінде 974 адам, оның ішінде 108 әйел адам еңбек етеді. Жыл басынан бері өндірісте бұрын алған жарақаттары үшін зиянды өтеу бойынша 8 адам жәрдемақы алған. Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар қалай қаржыландыруда, соған тоқталайық. 2021 жылға арналған кешенді іс-шараға сәйкес ТЧЭ-32 бойынша жалпы сомасы 19 млн 469 мың 222 теңге болатын 8 іс-шара жоспарланған. Атап айтқанда, диэлектрлік қолғаптарды сынау құны 464 мың 340 теңге, 259 мың 488 теңге сомасына слесарлық құралдарды сынау, 69 мың 363 теңге сомасына жерге тұйықтау штангаларын сынау, 162 мың 246 теңге сомасына ТЧЭ-32 электр сымдарының оқшаулау кедергісін өлшеу қарастырылды. Ал санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мақсатында 15 кондиционер, 5 тоңазытқыш, 4 диспенсер алу көзделген. Бұдан бөлек, машинистердің рейс алдындағы денсаулығы деген маңызды мәселе бар. Себебі, жолда апатты оқиғаларды болдырмау, оның алдын алу машинистерге тікелей тәуелді. Жыл басынан бері рейс алдындағы медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ауысым алдында 60 508, ауысымнан кейін 59 810 тексеру, яғни барлығы 120 318 тексеру болған. Жеті ай ішінде артериялық гипертония, ЖРВИ, жоғары температура және басқа да ауруларға байланысты 23 адам жұмыстан уақытша шеттетілген. Аурухана парақтарының саны мыңнан асып жығылды және еңбекке жарамсыздық күндерінің саны 7 429 күнді құрады. Медицина қызметкерлері ауысым алдындағы, мерзімдік медициналық тексерулерден уақытылы өтуді тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Гипертония, жүрек-қан тамырлары ауруларымен диспансерлік есепте тұрған қызметкерлерге және жұмысқа жіберу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысына ерекше назар аударылады. Еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша 404 адамды оқыту әрі білімдерін тексеру ұйымдастырылған. «Кенеттен тексеру» кестесіне сәйкес, депо басшылары технологиялық процестерді орындау кезінде 84 рет тексеру жүргізген. Онда басшылар жұмысшылардың қауіпсіз еңбек тәсілдерін сақтаған-сақтамағанын, жұмыс орындарында жеке қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қауіпті жұмыс орындарын қоршау, қызметтік өту маршруты, ескерту белгілерінің болуын, т.т. қадағалайды. Ойда жоқта келген тексерістен 54 қызметкер «сүрініп», тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 қатаң сөгіс, 22 сөгіс, 20 ескерту алғандар болды. Арыс-Сарыағаш-Арыс қызмет көрсету учаскесі бойынша кенеттен 9 тексеру, Арыс-Тараз-Арыс телімінде 9 тексеру, Арыс станциялары бойын- ша 10 тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 76 бұзушылық анықталып, 78 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 14 машинист пен 12 көмекші ескерту, 6 машинист пен 5 көмекші сөгіс алды. Ұжымда 20-дан аса «Мінез-құлық диалогы» өткізілді. Тексеру барысында 147 сәйкес емес жайт анықталды. Барлық анықталған ескер- тулер көрсетілген мерзімде жойылды. Дизель отынын ұрлауға байланысты локомотив бригадалары тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу айлығы жарияланды. Айлық аясында машинист нұсқаушыларымен бірге 20 тепловоз тексерілді. Жыл басынан бері дизель отынының шығыны – 1617,112 тоннаны, ал үнемдеу – 8,668 тоннаны құраған.

Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады
Жаңалықтар
03.07.2026
Пойызда рейд ұйымдастырылды
Жолаушылар тасымалы
03.07.2026
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?
Жаңалықтар
03.07.2026
ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
Жаңалықтар
03.07.2026
17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды
Жаңалықтар
03.07.2026
Мақсат – іскерлік этиканы нығайту
Жаңалықтар
03.07.2026
«Кедентранссервис» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚТЖ келбеті
03.07.2026
Үздіктер анықталды
Аймақтар
03.07.2026
Болашақтың игі бастамасы
Сұхбат
03.07.2026
«Integra Construction KZ» – жол құрылысының көшбасшысы
Аймақтар
03.07.2026
Жамбыл жырларын жатқа оқыды
Аймақтар
03.07.2026
Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс
Жаңалықтар / Мұрағат
03.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 03 шілде 2026 жыл
Аймақтар
02.07.2026
Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды
Жолаушылар тасымалы
02.07.2026
ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2026
Жаңа вокзал. Атыраулық теміржолшы жаңа вокзалдың ашылуына өлең арнады