Арыстық теміржолшыларда арнайы киімге мұқтаждық жоқ

Аймақтар
24.09.2021, 11:06
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Тоғыз жолдың торабындағы Арыс станциясы теміржолшылардың денсаулығын тексеруге айрықша мән береді. Ол әсіресе бүгінгідей қауіпті вирус өршіген кезде екі есе маңызды болып отыр. Станцияның еңбек қорғау инженері Базаркүл Махметованың айтуынша, күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеруден күндізгі және түнгі кезекшілікке шығатын 70 адам өтеді. Оның ішінде пойыз құрастырушылар, вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушілер, станция диспетчерлері де бар. Жалпы, жарты жыл ішінде кесте бойынша 212 қызметкер медициналық тексеруден өткен, «Д» есебінде 16 қызметкер тұр. Сонымен қатар, станция теміржолшылары арнайы киіммен толық қамтылды. 102 жұп былғары бәтеңке, 85 резеңке етік, 500 дана сигналдық кеудеше, 167 жиынтық костюм, 167 төмен температурадан қорғауға арналған киім, 84 жылы етік, 167 судан қорғауға арналған плащ, басқа да қолғап пен құлақшын, мақтадан жасалған күнделікті бөрік пен жазғы бас киімдер бар, тегіс алынған. Станцияда жұмысшылар үшін жуынып-шайынатын 3 душ бөлмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратқа, технологиялық орталық пен дөңес бекетіне қағазды, пластикті және шыны ыдыстарды бөлек-бөлек сақтау үшін арнайы контейнерлер орнатылған. Ал жұмыс кабинеттеріне қағаз қалдықтарына арнайы қораптар қойылған. Еңбек қорғау инженері есепті кезеңде станцияда 8,452 тонна металл сынықтары жиналып тапсырылғанын айтты.

«Станция аумағында қоқыстарды уақытында тазарту, шөптерді жұлу жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Өрт қауіпсіздігі бойынша тоқсан сайын өрт дабылының, өрт сөндіру құралдарының, электр қауіпсіздігінің және т.б. жай-күйі тексеруден өтеді. Былтыр 43 дана өртке қарсы құрал-саймандарға техникалық қызмет көрсетіліп, өрт сөндіргіштер қайта зарядталды», – деді Б.Махметова.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады