Маңғыстауда рельстің ұрлануы күйіп тұрған мәселелердің бірі

Аймақтар
24.09.2021, 11:21
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жолға шығып қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін мал мен жаннан бөлек теміржолшылардың «бас ауруына» айналған тағы бір мәселе бар. Ол – теміржол мүлкінің қолды болуы. Әсіресе, жүк және жолаушы пойыздары өтетін магистраль бойынан материалдар ұрлайтындардың тірлігі халыққа жасалған қастық демеске лаж жоқ… Түбек теміржолында биылғы жылы жолдың рельсі ұрланған жағдай тіркелді. Бұл дерек Маңғыстау жол дистанциясының аумағында Жетібай станциясы мен Өзен аралығында 128-шақырым алтыншы пикетте орын алды. Онда салуға дайын тұрған Р65 типті 25 метрлік рельсті оңай ақша тапқысы келген қаскүнемдер алып кеткен.

– Маңғыстау жол дистанциясы бойынша биыл сегіз айда бір ұрлық оқиғасы тіркелді. Шығыны – 53 305 теңге. Өткен жылы осы кезеңде үш ұрлық болған. Биыл халықпен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде мұндай факт азайды. Дегенмен, бір оқиға болса да, анау-мынау емес, 25 метрлік рельсті қолды еткендерге сөз жоқ. Жолаушылар пойызы жүретін учаскелерде теміржол мүлкін ұрлау – террористік әрекетпен парапар. Теміржолмен жолға шықпайтын адам кемде-кем. Ол жолмен сіздің жақындарыңыз, отбасыңыз жүреді. Сондықтан, өзіміз ішетін құдыққа өзіміз түкірмейік деп тұрғындарға ескертумен келеміз. Ұры алыстан келмейді, сол төңіректі білетін, көріп жүргендер, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаев.

Оның сөзіне сүйенсек, жалпы еліміз бойынша жыл басынан бергі сегіз айда жол шаруашылығында жолдың жоғарғы құрылысының элементтерін ұрлаудың 11 жағдайы тіркелген. Соның ішінде алтауы Жамбыл жол дистанциясының Ақыртөбе-Ақшолақ, Малдыбай-Ақыртөбе аралықтарында, Жамбыл станциясы аумағында болған. Бесеуі Қарағанды жол дистанциясының Жаңа-Ауыл-Көкпекті- Қарағайлы территориясында болған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады