Шойын жол бойындағы қауіпсіздік мәселесі Семейде де өзекті

Аймақтар
27.09.2021, 10:47
Оқуға 1 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде желі бойындағы қауіпсіздік мәселесі күн тақырыбынан түспей тұр. Әсіресе, жол өтпелері мен теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтушілер қатары азаяр емес. Осы орайда Семей станциясы ның желілік полиция қызметкерлері өткізіп жатқан «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» арнайы акциясы желі бойында тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа жол бермеу, сонымен қатар, пойыздардың адамдарды басып кету фактілерінің алдын алуға бағытталып отыр. Акция аясында желілік полиция өкілдері Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерімен, станция басшыларымен бірлесіп бүкіл бөлімше көлемінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Акция барысында тұрғындар, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында кең көлемде жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Азаматтардың құқықтық танымын арттырып, теміржолдағы қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар атқарылуда, – дейді бұл ретте Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.

Айта кетерлігі сол, қауіпсіздік шараларымен бірге қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік, жаппай пайдалану орындарын ластау, заңсыз сауда жасау сынды келеңсіздіктердің алдын алу бойынша да ақпараттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. Заң бұзушылықтың бұл түрлері желі бойындағы теміржолшылар қауымына да кеңінен түсіндіріліп жатыр. Оған Шар, Жаңғызтөбе, Жарма сынды станция басшылары мен НЖС-6 қызметкерлері де атсалысуда.

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет