Семейдегі ЖТ бөлімшесінің қызметкерлері қысқы арнайы киіммен толық қамтылды

Аймақтар
05.10.2021, 12:15
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша алдағы қысқа даярлық шаралары аяқталуға таяу. Атқарылған көп жұмыстың арасында теміржолшыларды қызметтік қысқы жылы киімдермен қамту ерекше орын алады. Бөлімшенің еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Сәкен Жұмаділовтің айтуынша, қыркүйектің соңғы жұмыс күні бойынша арнайы киім, қыстық аяқ киіммен қамту ісі 100 пайызды құрады. Арнайы киімдерді шаруашылық бөлімінің мамандары желі бойындағы барлық мекемелерге жеткізіп берді. Қазіргі таңда жел өтінде жүретін станциялар қызметкерлері, жолшылар, ТЧЭ-25, ТЧЭ-24 локомотившілері мен ВЧД-23 вагон қараушылары күннің күрт суытуына байланысты арнайы киімдерді қолдана бастады. Жалпы, қысқы киімдерді сатып алу бойынша арнайы мекемелермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған болатын. Яғни, ағымдағы жылдың наурыз айындағы келісім бойынша енді екі жыл аралығында Жамбыл облысындағы «ТаразКожОбувь» ЖШС, сонымен қатар «Қарағанды аяқкиім фабрикасы» ЖШС, ПКК «Арго» ЖШС теміржолшыларға қажетті маусымдық киімдерді дер кезінде жеткізіп тұрады. Қазіргі таңда ерлер мен әйелдерге арналған, сапалы былғарыдан тігілген қызметтік киімдер қолданысқа енгізілген. Бұрынғы жылдардағыдай емес, ашық далада, күн мен желдің өтінде жүретін теміржолшыларға берілетін қызметтік киімдер сапалы, жылы. Өз өлшемдеріміз бойынша таңдап киюге мүмкіндік бар. Басшылық қажеттіліктерімізді үнемі сұрап тұрады, – дейді Семей вагон пайдалану депосының аға вагон қараушысы Болатқали Баймұханбетов. Сонымен қатар, бөлімше бойынша тазалық және санитарлық залалсыздандыру заттары да жеткілікті мөлшерде алынған. Мәселен, осыған дейін мүгедектердің «Заман» ұйымымен жасалған келісімшарт аясында медициналық қолғаптар толық көлемде жеткізілген болса, қазіргі күні «Ардагер-М Company» ЖШС жүз литр антисептикті барлық теміржол мекемелеріне жеткізіп берген. Қызметтік киімдермен қамту бойынша теміржолшылар тарапынан шағым тіркелмеген.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды