Маңғыстаудағы маневрлік тепловоздар жаңартуды қажет етеді

Аймақтар
08.10.2021, 11:04
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Елімізде локомотив паркі жедел қарқынмен болмаса да, бірте-бірте жаңарып келеді. Бұл магистральдық тепловоздарға қатысты. Ал маневрлік тепловоздар ше? Мысалы, Маңғыстау темір жолында қолданыста жүрген маневрлік тепловоздарға қырық-елу жыл болған, деп хабарлайды Rail-news.kz. Маңғыстау локомотив пайдалану депосында 14 маневрлік тепловоз бар. Олардың дені маневрлік жұмыстар көп атқарылатын Бейнеу және Маңғыстау станцияларында қолданыста. Бүгінде төртеуі Бейнеу, үшеуі Маңғыстау станциясында қызмет көрсетуде. Сонымен қатар Құрық порты станциясында екі, Шетпе және Өзен станцияларында бір-бір маневрлік тепловоз бар. Тепловоздар станциялардағы жұмыс көлеміне қарай бөлінген, олардың басқару тәртібі де түрліше. Маңғыстау, Бейнеу, Өзен, Шетпе станцияларындағы маневрлік тепловоздарды машинистер соңғы өзгерістерге сәйкес көмекшісіз жалғыз басқарады. Ал Құрық порты станциясында, керісінше, маневрлік тепловозды машинист пен көмекшісі бірлесе тізгіндейді. Бұл станцияда қазір жұмыс көлемінің азаюына байланысты машинист пен көмекшілерінің жұмыс кестесі 12 сағаттан бес ауысым. Қалған станцияларда ол сол уақытпен төрт ауысым. Айына белгіленген норма да әрқалай. Ол бір айда 164 сағат, келесісінде 154 немесе 174 сағат дегендей өзгеріп отыруы мүмкін.

– Магистральдық тепловоздарға қарағанда станция ішінде әрі- бері бір тынбайтын маневрлік тепловоздардың жұмысы күрделі және маңызды. Пойыздарды құрастырып, жинап, дайындау деген айтуға оңай болғанмен өте ауқымды жұмыс. Келген құрамдарды тарқатып, вагондарды мекемелерге алып барып тапсырып, босағанын алып қайтады. Олардың бір сәтке де болса тоқтап қалуы жүк операциясының бұзылуына әсер етуі мүмкін, вагондар уақытылы жөнелтілмей, клиенттер дер кезінде ала алмай, сайып келгенде станция жұмысының кері көрсеткіштеріне алып келуі мүмкін. Сондықтан біз маневрлік тепловоздардың күзгі байқаудан ойдағыдай өтіп, алдымыздағы қыс айларында үздіксіз жүріп тұруын қамтамасыз етуге күш салудамыз. Осы уақытқа дейін 14 тепловоздың 8-не түрлі мерзімде күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл өтіп жатқаны да бар, – дейді Маңғыстау локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Марат Алхабеков.

Қолдағы мәліметке сүйенсек, қазір Маңғыстауда қолданылып жүрген маневрлік тепловоздардан Құрық порты станциясындағылар ғана жаңа. 2007 жылы келген. Қалғандары 1976,1986 жылдары алынған ескі маневрлік тепловоздар екен. Күрделі жөндеуден уақытылы өтіп тұрғанымен, ескінің аты ескі. Арасында сыр бермей тұрмайды. Жалпы, маневрлік тепловоздарды жаңарту қажет деседі локомотив мамандары.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады