Атырау ЖТ бөлімшесінде күзгі тексеріс қорытындысы бойынша 1161 кемшілік анықталған

Аймақтар
08.10.2021, 11:27
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Күзгі комиссиялық бақылауды қорытындылау жиынында қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік-техникалық ғимараттардың жағдайы бойынша барлық шаруашылықтардағы кемшіліктер сараланды. Тексеру комиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Д.Құланбаев, тексеру барысында станциялардың техникалық жағдайы, жолдың үстіңгі қабаты, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылыстардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралғанын айтты. Өткен сегіз айда Атырау жол бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. Тексеріс кезінде бөлімше бойынша барлығы 1161 кемшілік анықталған. Соның ішінде ең көбі жол шаруашылығына қатысты болды, яғни жолдардың сапасына сын көп. Мақат, Атырау, Ганюшкино станцияларында біраз жолдарда шпалдар ескірген, бағыттамалы бұрмалардың бекітпелері осал, дұрыс жұмыс жасамай қалады. Сағатына 15 км жылдамдықпен жүретін телімдер де кездеседі. Жөндеуден шыққан материалдар сол жерде шашылып қалған, оны уақытылы жинастырып, қоймаға өткізу қажеттігі ескертілді. Сигнализация және байланыс дистанциялары бойынша электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеру, рельс тізбектерін оқшаулау элементтерін жөндеу бағытында да кемшіліктер бар. Кей станцияларда дауыс күшейткіш дұрыс жасамайды. Дистанцияларда техникалық құжаттама жүргізуде олқылықтар орын алған, бұл – мамандардың білімін жетілдіру қажет деген сөз. Электрмен жабдықтау дистанцияларында жарықтандыруды және техникалық сабақтар сапасын жақсарта түсу қажет. Атырау вагон пайдалану депосының командалық-нұсқаулық құрамы тарапынан лауазымдық міндеттері сапасыз орындалады. Мұның нәтижесі вагон қараушылардың жауапкершілігінің төмендеуіне, вагонға техникалық қызмет көрсетуде ақауды анықтау мен түзетудің дұрыс орындалмауына әкеледі. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагонқараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Қосалқы бөлшектер, Ганюшкино станциясында қол шамдары жеткіліксіз. Атырау, Мақат локомотив деполары мен Мақат сервистік орталығында локомотивті жөндеу, күтіп-ұстауға, локомотивті қабылдау кезінде тексеріп, ақаулардың жоқтығына көз жеткізуге көп көңіл бөлу керектігі айтылды. Сервистік орталықта жағдай біраз түзелген, жөндеу құралдары жаңасына алмастырылып, қажетті саймандар алынған, бірақ әлі де болса кейбір қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі бар. Локомотив шаруашылығы бойынша машинист-нұсқаушыларға сын айтылды. Олардың тарапынан пойыздың жүруі, автотежегішті басқару, машиниске қатысты басқа да кемшіліктер анықталмайды. Локомотив бригадаларының бақылау-нұсқау сапарлары, пойыз машинистерімен радиобайланыс дұрыс ұйымдастырылмайды. Жиын соңында күзгі байқау қорытындысы саралана келе, бөлімше басшылығымен аталған кемшіліктерді түзету, көктемгі тексеріс анықтаған олқылықтарды қалпына келтіру, өз міндеттеріне жауапты қарау және әр он күн сайын кемшіліктердің қалай түзетіліп жатқаны туралы есеп беріп отыруға шешім қабылданды.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады