Күні-түні құммен алысқан бейнеуліктерге адам күші жетіспейді (+видео)

Аймақтар
12.10.2021, 10:29
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеу жол дистанциясы жұмысшыларының ала жаз бойы шаңды дауылмен алысып, таң атқаннан күн батқанға дейін жолды тазалауы аздай, күздің келуімен желдің үдей түсуі жағдайды одан әрі ушықтыра түскен. Әсіресе, биыл өңірде болған қуаңшылық салдарынан шөптің шықпай, ал бұрындары бой көрсеткендерінің аптап ыстықта қурап күйіп кетуі құмның емін-еркін көшуіне жағдай жасапты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Өздерінің күнделікті негізгі міндетінен бөлек, табиғаттың «тосын мінезінен» туындаған проблемамен алысып жатқан жолшыларға тағы бір проблема қосылып отыр. Ол – аш қарынға азық іздеп теміржол бойымен ауа жайылған малды торуылдау. Бұл теміржолшылардың тегін атқаратын жұмысына айналған. Мекеменің міндеті теміржол қозғалысының қауіпсіздігін үздіксіз қамтамасыз ету болғандықтан дистанцияда басшыдан бастап, кәсіподақ, кадр бөлімі, инженер, ер-әйел демей бәрі қолға күрек алған екен. Сондай бір сәттің куәсі болдық.

– Бір апта тынық болса, екі апта құм борайды. Жол жөндеушілердің еңбегі мүлдем көрінбейді, жолды бүгін тазаласаң, ертең тағы топырақ басады. Жұмысшыларымыз жақында түнімен кезекшілікте тұрып, көміліп қалған жолды аршыды. Ауа райы құбылмалы. Кейде тіпті үлгере алмай жатады. Мұны көріп, бүгін біз де көмекке келдік. Сенбілік ұйымдастырып тағы да жәрдем беретін боламыз, – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұстафа Қожбанов.

Одан әріректе техникалық бөлім басшысы Гүлжан Сариева да өзіне берілген жердің құмын шығарып жүр екен. Жолды ашуға адам жетпей, қапылыс болып жатқандықтан қолғабыс етуге келген ол жолдың топырағын тазалауға алынған арнайы жұмысшылардың санын және олардың жұмыс мерзімін ұзарту керек екенін айтады.

– Бізге қарасты аймақтағы темір жол ұзындығы 575 шақырымды құрайды. 230 жол монтеріміз бар. Оңтайландыру бағдарламасына байланысты сырттан жұмысшы ала алмаймыз. Топырақ басқан жерлерді тазалауға біздің жолшылар жетіспей жатқасын, басшылық мамыр айында 35 адамды алты айға уақытша жұмысқа жіберді. Енді олардың кету мерзімі таяу. Алдымызда қыс. Адам санының қажеттілігі бұрынғыдан да артуы мүмкін.

Штатқа жұмысшы қабылдауға мораторий бар. Сондықтан уақытша жіберілген адамдардың мерзімін тағы да ұзартуды сұраймыз. Бейнеуде қыста қар көп болмаса да, жел жиі соғады. Табиғаты қатал. Бұрындары да құм басып тұратын, бірақ дәл биылғы жағдай ерек. Құмды тоқтатуға қойған кедергілерден қатты жел-боранда қайыр жоқ. Техниканың көмегіне жүгінейік десек, әзірге ондай машина шығарылмаған. Бастапқы кездері қар тазалайтын техниканы құмға қолданып көрдік. Пайдасынан зияны көп болды. Мойынтіректер ішіне құм кіріп, бұзыла берді. Қолмен тазалаудан басқа амал қалмады. Қазір күшіміз топырақты тек жолдың шетіне тастауға жетеді. Жақында қатты жел тұрып, адамдарымыз екі-үш күн түнімен кезекшілікте тұрды. Түнде істеген адам ертесіне демалу керек, – деп бейнеулік жолшылардың бейнетін баяндады дистанция бастығы Берікбай Айтманов.

ҚҰМ КӨП БАСАТЫН ЖЕРЛЕР БЕЙНЕУДІҢ ҚАСЫНДАҒЫ 5,6,8 ЖӘНЕ БЕЙНЕУ–ШАЛҚАР ТЕЛІМІНДЕГІ 431-438 ШАҚЫРЫМДАР ЕКЕН. Б ПАРКІ МЕН БЕЙНЕУ СТАНЦИЯСЫ, САМ МЕН НОҒАЙТЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА ДА ҚҰМ БАСУҒА ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ БОЛЫП ОТЫР. ДИСТАНЦИЯ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ПОЙЫЗ КӨП ҚАТЫНАЙТЫН, ҚҰМДЫ ЖЕРЛЕРГЕ ӨЗ КҮШІМЕН КЕДЕРГІ РЕТІНДЕ МАШИНАНЫҢ ДОҢҒАЛАҚТАРЫН, ЖОЛДАН ШЫҚҚАН ШПАЛДАРМЕН ТОСҚАУЫЛ ҚОЮДА ЖӘНЕ ҚАРҒА ҚАРСЫ ҚОЙЫЛҒАН ҚОРШАУЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДА.

Дистанция басшысының айтуынша, құм көп басатын жерлер Бейнеудің қасындағы 5,6,8 және Бейнеу–Шалқар теліміндегі 431- 438 шақырымдар екен. Б паркі мен Бейнеу станциясы, Сам мен Ноғайты арасындағы жолдарда да құм басуға қолайлы аймақ болып отыр. Дистанция жұмысшылары пойыз көп қатынайтын, құмды жерлерге өз күшімен кедергі ретінде машинаның доңғалақтарын, жолдан шыққан шпалдармен тосқауыл қоюда және қарға қарсы қойылған қоршауларды пайдалануда. Дегенмен бір шеті Өзбекстан шекарасына дейін созылған көлемді аумаққа қызмет көрсететін дистанция үшін бұл әрекет қазір теңізге су сепкендей. Аумақ ауқымды, қозғалыс көп. Бұл жолмен төрт бағытта – Тассай, Сай-Өтес, Қарақалпақстан, Атырауға қарай 15 жұптан, күніне 30-ға жуық пойыз өтеді.

– Құммен күресу басталғалы бірнеше рет пойыздар жылдам- дығын азайтуға мәжбүр болдық. Екі қолға бір күрек, инемен құдық қазғандай өнімсіз. Кейде жолдың беті көрінбей, құм-топырақ астында қалады. Оны ашуға қара күш керек. Жұмысшылар да шаршайды. Қашан көрсең де тамақ-суын арқаланып бара жатқаны. Айдалада жел-құммен алысып отырып тамақтанады. Оңай емес, бірақ қозғалысты тоқтатпау керек. Басшылық тағы да қолдап, уақытша жұмысшыларды жіберсе деген тілек бар, – дейді Берікбай Айтманов.

[playlist type="video" ids="9883"]

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады