Атыраудағы жөндеуден өткен пойыз жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін артты

Аймақтар
15.10.2021, 14:06
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Атырау аймағы бойынша инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру мақсатында жол шаруашылығы бойынша 55,53 шақырым жол күрделі жөндеуден өтетін болып бекітілген болатын. Бүгінгі күні Құлсары жол дистанциясында аталған 22,88 км жол аралықтарының ескі темір жолы түгел алынып, орнына неміс технологиясымен жасалған ФОССЛО қапсырмалы темір бетонды шпалдар салынып бітті. Сонымен қатар Атырау жол дистанциясында 25,74 шақырым ескі темір жол алынып тасталып, түгел темір бетонды шпалдармен алмастырылған. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта түйіспесіз жолдар салынуда. Бұл дегеніміз болтқа, қапсырмаға, жалпы жолдың үстіңгі бөлігіне деген шығынды азайтады. Жолдың сапалы жөнделуі жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығына жағымды ықпал еткен. Мәселен, күрделі жөндеу өткен учаскелерде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60 км/сағаттан 120 км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50 км/сағаттан 100 км/сағатқа артқан. Алдағы уақыттағы жұмыстарға келсек, Кенбай – Жамансор аралығында 6,92 км күрделі жол жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың қараша айында бітіру жоспарланған. Осы жұмыстар барысында дистанцияда жол жөндеу бойынша жаңа машиналар кешені пайдаланылып, технологиялық процестің жетілдіріле түскенін айтар едік.

– Жаһандық үрдістен қалмау үшін озық технологияларды қолдану – ол заман талабы. Сондықтан, теміржол саласында жаңа әдіс-талаптарды қолдану кешенді басқаруды айтарлықтай алға жетелеуде. Соның бірі, 2013 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Атырау жол дистанциясына енгізілген Oliver Wyman канадалық әдісі. Бұл әдістің артықшылығы – адам ресурстарына мейлінше аз салмақ түсіріп, басты басымдылықты техникамен сапалы жұмыс жасауға бөлу. Ауыр жүктерді, темір бетонды бұрмаларды, бағаналарды, шпалдарды, ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерін көтеріп түсіруге КЖ-562 маркалы краны алынды. Жейсмар фирмасының қол еңбегін жеңілдететін механикаландырылған рельстескіш, рельскескіш құралдары өте жақ- сы, жол жөндеушілер үшін таптырмас жабдық болып отыр. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта 725 метрлік түйіспесіз жолдар салынуда. ДУАМАТ, ДГС, ПБР машинасымен жол жөндеу екпінді жүргізілуде. Атырау жол бөлімшесі бойынша негізгі бағыттардағы тарамдардың бәрінде рельстер түгелдей дер- лік жаңаға ауыстырылды. Станциялардағы қосалқы тарамдардың ескі рельстері де жоспар бойынша жаңалануда. Қазіргі жүк ағыны көбейіп отырған жағдайда қозғалыс жылдамдығы мен тасымал мүмкіндігін арттырып, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тарамдардың беріктігі мен орнықтылығын көтеріп, балласты қиыршық таспен, ағаш шпалдарды темірбетонмен ауыстырудамыз. Ақаутапқышты арбалармен ай сайын Сағыз – Мақат, Мақат – Атырау, Рзд.Д.Нұрпейісова – Ганюшкино, Ганюшкино – Атырау учаске- лерінің жолдары тексеріліп отырады», – дейді бөлімше жол бөлімінің маманы Айгерім Қайырболатова.

Дистанцияларда жұмысшыларды тасуға арналған жол талғамайтын вахта Камазы да ыңғайлы етіп жасалған, ішінде жататын 8 адамдық орны бар, желдеткіші, ас бөлмесі, жуынып-шайынатын душы, электр тогы қосылатын, теледидар, тозаңытқыш, автономды жылытқышы бар жайлы кешенді бірнеше модуль, сондай-ақ, өзі жүк түсіретін самосвал көлігі, дизелді отын көмегімен жүретін АС-5 темір жол көлігі, тамақ ішу, жатын бөлмесі бар «Путник» техникалары да жол қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, қолайлы еңбек жағдайын тудырып отыр.

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды