Жас маман Жуалы ауданындағы 45 тыл ардагеріне азық-түлік таратты

Әлеумет
03.11.2021, 11:53
Асхат Райқұл

Жас теміржолшы Аинаның есімі айналасына жақсы таныс. Белсенді, ерікті, ілкімді іс-шаралардың басы-қасында жүретін ару бірнеше жыл бұрын Тараз қаласының іргесіндегі Аса станциясында жүк қабылдап-тапсырушы болып еңбек жолын бастаған еді. Өзі туып-өскен Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы көлік академиясын бітіріп, 2013 жылы еңбек жолын бастаған қаршадай қызды Тараз жұрты жатсынған жоқ. Тез-ақ сіңісіп кетті. «Қыз бен қойдың баспайтын жері, бармайтын тауы жоқ», Аина да Жамбыл өңіріне жұмыс істеймін деп келіп, бақытының жұлдызын да осында жақты. Былтыр тұрмысқа шығып, қаламгер Шерхан мен баһадүр Бауыржан туған өңірде, әйгілі Боранды станциясының бойындағы Жуалының келіні атанды. Соңғы жылдары ҚТЖ бойынша бастау алған жастардың түрлі қайырымдылық шараларына белсене араласып жүрген Аинаның «теміржолшы келін» атына тағы бір атау қосақталып, қариялардың алғысы мен батасына ие болып, «қайырымды келін» атанып жүр.

– «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының «Жеңіс» жобасына үлес қосып жүргеніме бірнеше жылдың жүзі болды. Аса станциясында жүргенімде де жоба аясында көптеген ардагерлерге жәрдемдесіп, батасын алғанбыз. Әріптес- термен бірге ардагерлердің шаңырақтарына барып, үй шаруаларына да қолғабыс ететін едік. Мұқтаж қариялардың азық-түліктерін жеткізіп бергенбіз. Ал былтыр Жуалыға тұрмысқа шықтым. Мұнда да сол жобаны жалғастыру үстіндемін, – дейді теміржолшы Аина.

Ол «Жеңіс» жобасы шеңберінде Жуалы ауданының ауылдарында тұрып жатқан 45 тыл ардагеріне қайырымдылық азық-түлік себеттерін жеткізіп берген. Былтырдан бері пайда болған жәрдемші қызға қариялар да дән риза. «Аина келіннің көмегін көріп жүргендер көп екенбіз. Шынашақтай қыздың теміржолшы екенін білгенімізде, тіпті таң қалдық. Иіліп сәлемін салып тұрады, жүзі жылы. «Жүзі жылыдан түңілме» деген ғой, расында құтты келін болды бізге», – деп ағынан жарылды тыл ардагері Қаламқаш Алмаханова. Ольга Буняева, Балкүміс Елгенбаева, Мария Ершова, Әзімхан Жүнішеев сынды тыл ардагерлері де Аинаға дән риза. «Өркенің өссін! Мақсат-мұратыңа жет! Ұлың болсын он шақты, қызың болсын моншақты...» деп баталарын жаудырып жатады. Бір аймаққа жауапты жалғыз өзі болса да бәріне үлгеріп уақыт тауып жүрген елгезек қызға кейде енесі көмек қолын созады екен. «Менің енем өте мейірімді де қайырымды жан. «Жас адам батамен көгереді, сауапты істен шет қалма» деп айтып отырады», – дейді Аина Несіпбаева.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді