Теміржолда 50 жыл еңбек еткен шымкенттік соғыс ардагері 95 жаста

Әлеумет
06.05.2022, 14:15
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына аман-есен көзі тірі жеткен Исамахаммед Ахметов биыл 95 жасқа аяқ басты. Қазір қарияның, өкінішке қарай, құлағы да естімейді, көзі де көрмейді. Соңғы 20 жылда қызы Зебинисаның шаңырағында тұрып жатыр. Екі жыл бұрын қосағы Малика Ғафурқызы дүниеден өтіпті.

  Атамыздың айтуынша, соғысқа соңғы жылдары араласқан. Бірнеше айдан соң кеңес әскері жеңіске жетіп, сұм соғыс аяқталады. Атамыз елге аман-есен оралып, теміржол саласында аттай елу жыл еңбек етеді. 1941 жылы әкесі Рсымбет майданға аттанады. Приморье өлкесінде жаумен шайқаста жарақат алып, елге қайтады. Үш ай емделген соң қайтадан соғысқа аттанып, сол жақта ерлікпен қаза тапқаны туралы «қара қағаз» келеді. – 1941 жылы Шымкенттегі паровоз жөндейтін депоға жұмысқа тұрдым. Соғыс кезі болғандықтан теміржолда тасымал мен қатынас үздіксіз жүріп тұрды. Жұмысымыз ауыр еді. Әкем соғысқа алынып, анам бес баламен жалғыз қалды. Үйдің үлкені болғандықтан жатпай-тұрмай жұмыс істедім. Демалыс дегенді білмедік, таңда келіп, түнде қайтатынбыз. Сол кездері біздің әрбір еңбек күніміз майдан даласындағы жауынгерлерге көмек деп білдік. Бәріміз жасымыз жетіп майданға аттанып, жаумен соғысуды армандадық, – деп еске алады Исамахаммед қария. Соғыстан кейін жеңіспен елге оралған соң депода жұмысшы, аға шебер, ауысым шебері, вагон қараушы, диспетчер сияқты түрлі еңбек сатыларынан өтеді. Қызы Зебинисаның айтуынша, Исамахаммед ата жасы тоқсанға келгенше үйде отырмаған адам екен. Зейнетке шыққан соң Шымкент қаласындағы «Көл» базарында автокөліктерге қажетті қосалқы бөлшектер сатумен айналысқан. Тек соңғы жылдары жүріп-тұруы қиындап, көзі көруден, құлағы естуден қалған соң сыртқа шығуды қойған. Ардагердің ұрпаққа аманаты – бүгінгі бейбіт күнді сақтап қалу. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда көзі тірі 22 ҰОС ардагері бар, соның ішінде Шымкент қаласында 7 ардагер бар. Біреуі – теміржолшы Исамахаммед қария.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті