Болашақ теміржолшылар локомотив депосы тарихының музейіне барды

Әлеумет
28.05.2022, 11:16
Фото: Александр Жабчук
Любовь Подоляк

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көлік және коммуникациялар жоғары колледжінің екінші курс студенттері үшін елордалық локомотив пайдалану депосының тарихы мұражайында экскурсия ұйымдастырылды. Депоның қалыптасуы мен  дамуының тарихы туралы мұражай сақтаушысы, Құрметті теміржолшы, бұрынғы машинист-нұсқаушы, қазір құрметті демалыста жүрген Владимир Ульяненко айтып берді.  

Экскурсия барысында балаларға бірегей артефактілер көрсетілді. Студенттер өткен ғасырда жарық көрген оқу құралдарына назар аударды. Олардың арасында 1949 жылы шығарылған "Қарағанды темір жолы машинистерінің озық жұмыс тәжірибесі" брошюрасы, сондай-ақ 1952 жылы шыққан "Паровоздарды жөндеу" кітабы бар.  

Мұражай үнемі толықтырылып отырады. Депо қызметкерлері ұзақ жылдар бойы отбасылық мұрағаттарда сақталған құнды заттарды әкелуде. Жаңа экспонаттар қатарында қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және қазақ мемлекеттілігі көрнекті тұлғаларының бірі Абылай хан мүсіндері бар.

Кенепке маймен сурет салумен айналысатын бұрынғы машинист Александр Алексеев елордалық депоның заманауи ғимаратын әрлендіріп, паровозға жан бітірді.  Қазір оның суреттері мұражайда сақтаулы. Депода ұзақ жылдар бойы машинистердің үрмелі оркестрі және "Надежда" теміржолшы-ардагерлер ансамблі жұмыс істеді. Бүгін солистер зейнеткерлік демалыста. Марапаттар мен музыкалық аспаптар депо мұражайына сыйға тартылды. 

"Бүгін экскурссия жүргізушісі табысты оқуға ынталандырды. Соның арқасында, біз теміржол туралы көптеген қызғылықты мәліметтерді білдік. Владимир Ульяненконың өзі де біздің колледжді бітіріп, 48 жылын теміржолға арнаған жан. Кәсіпорынның дамуына өз үлесін қосқан және естеліктері мұражайда сақтаулы көптеген адамдарды Владимир Ульяненко жеке таныған", - деді студент Дарын Төлеубай.

Экскурсиядан кейін балалар пікір кітабына шынайы және жылы лебіздерін қалдырды. Балалар локомотив макеттерімен, теміржол құралдарымен, шамдармен селфи жасап, әлеуметтік желілер үшін роликтер түсірді.  

"Теміржолшы мамандығы өте жауапты. Олардың әрқайсысынан – сынауы қатаң, өйткені оған миллиардтық құны бар жүктер мен ең бастысы -жолаушылар сеніп тапсырылғані. Мен теміржолмен мақтанамын, сіздер маңызды да жауапты өмір жолын таңдадыңыздар", - деді Владимир Ульяненко студенттерге арнаған сөзінде.  

 

Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда