Жылжымалы емхана қызметі – Арыста

Әлеумет
05.11.2024, 09:25
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Ел азаматтарының денсау- лығын жақсартуды мақсат еткен жылжымалы емхана қызметі – «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Арыс өңіріне жетті.

Алдымен қала іргесіндегі Шағыр станциясына, кейіннен Монтайтас станциясына аялдаған ақжолтай пойызды жергілікті тұрғындар қуана қарсы алып, тайлы-тұяғы қалмай станцияға ағылды.  80 мыңнан астам халқы бар Арыс ауданында 5 мыңға жуық теміржолшы бар. Сондықтан ел арасында «Арыс – теміржолшылар қаласы» аталады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері кеңесе келе медициналық пойыздың Арыс қаласынан қашықтау орналасқан шағын станцияларға тоқтауы тиіс деп шешім қабылдапты. Бүгінгі таңда Шағыр станциясында мыңға жуық адам мекен етсе, Монтайтас ауылында 4 мыңнан астам халық тұрады. Олардың дені 30-70 шақырым жердегі Арыста орналасқан түрлі мекеме, кәсіпорындарда еңбек ететін кәсіби теміржолшылар.  

Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмас Сұлтанов «жылжымалы емхананың» келуі Арыстың халқына ерекше қуаныш сыйлайтынын атап өтті. Бұл – ұлт саулығының нығаюы жолында жасалып жатқан маңызы зор жоба деп бағалады. Ал Монтайтас пен Шағыр станциясының бастығы Бақытжан Қарынтаев әріптестерімен бірге 4 тәулік бойы екі станцияға аялдаған арнайы пойызды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етті.  

– Медпойызға тексерілуге келетін тұрғындардың кіріп-шығуына қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдай жасалды. 380 кВт ток көзі мен суын қосып бердік. Санитарлық талаптарға сай арнайы дәретхана мен қоқыс жәшігін орнаттық. Жалпы, қызмет көрсетуші персоналдар мен тексерілуге келген азаматтарға мейлінше қолайлы жағдай жасадық, – дейді ол.  

Ел игілігіне жарап, көпшіліктің алғысына бөленген медициналық пойыз 45 мыңнан асатын тұрғыны бар Арыс қаласына да аялдаса деген ұсыныс-пікірлер айтылып жатты. Алайда, медициналық жылжымалы құрам мақсаты шалғай станция тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізу болғандықтан, ендігі бағыт алдын ала бекітілген жоспар бойынша Шеңгелді, Дарбаза мен Бадам, Игілік, Састөбе сынды станцияларға тоқтайтыны белгілі болды. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Құдайбердіқызы жергілікті тұрғындарды сақтандыру төлемінің бар-жоғына қарамай, таңғы 9:00-ден кешкі 6:00-ге дейінгі аралықта тегін қабылдап жатқандарын жеткізді.  

– Дәрігерлер құрамында хирург-травмотолог, невропатолог, окулист, кардиолог, ЛОР дәрігері, стоматолог, гинеколог, уролог сынды жалпы практикалық дәрігер мен психолог, педиатр сияқты біліктілігі жоғары мамандарымыз бар. Сондай-ақ УДЗ, рентген аппараты мен флюрография және арнайы жабдықтармен жарақтандырылған зертханамыз да сапалы қызмет көрсетуге қауқарлы, – дейді ол.  

Сегіз вагоннан тұратын медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен және интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен толық жабдықталғанын атап өткен жөн.  

Жалпы, «жылжымалы емханадағы» мамандардың 80%-ы Астана қаласынан болса, 20%-ы Алматы қаласынан. Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұқтаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Олардың санатында жалғызбасты немесе көпбалалы аналар мен мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар мен зейнеткерлер және студенттер бар.  

2016 жылдан бастап іске қосылған «Саламатты Қазақстан» пойызының құрамындағы заңгерлер мен кәсіби медиаторлар көмегіне де ауыл тұрғындары жиі жүгініп, құқықтық кеңес алуда.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады