Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп

Әлеумет
22.11.2024, 08:59
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау және Маңғыстау облыстарының теміржол аймағына, жылжымалы құрамға күзет қызметін көрсететін «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Атырау филиалының штаты 672 адамнан тұрады. Жүз пайыз кәсіподақ мүшесі болып табылатын ұжым жұмысшылар мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйымның қызметіне риза.

Әрине күні-түні түзде, пойыздарға ілесіп жүріп, жылжымалы құрамдардағы жүктер мен стратегиялық нысандарды күзету оңай жұмыс емес. Күтпеген, өмірге қауіпті оқиғалар орын алуы мүмкін. Сондықтан жазатайым жағдайдың болмауы ұжымдағы жақсы көрсеткіш болып саналады.  

– Атырау филиалының қызмет көрсету аумағы 2163 шақырым. Оның ішінде Атырау 770, Маңғыстау 1393 шақырымды құрайды. Мекемеде еңбек ететін жеті жүзге жуық адамға кәсіподақ тарапынан қолдан келген көмекті ұсынамыз, оның ішінде еңбек даулары мен әлеуметтік көмек – ең өзекті мәселе. Кәсіподақ комитетінің тікелей қатысуымен ұжымда еңбекті қорғаудың қоғамдық бақылау жүйесі жұмыс жасауда. 2015-2024 жылдар аралығында филиалда өндірістік жазатайым оқиғасы болған жоқ, – дейді филиал кәсіподағының төрағасы Ғайни Шонаев.  

Жұмысшылар мүддесін қорғауды мақсат етуші кәсіподақ ұйымының жұмысы жыл өткен сайын жанданып жатқаны талас тудырмайды. Әсіресе ұжымдық келісімшарттың жұмысшылармен бірлесе талқылана отырып жасақталуы – соның бір айғағы. Еңбек даулары бойынша мәселелер де өзара келісім арқылы шешіліп, әлеуметтік көмектер ұжымдық шартқа сәйкес жүзеге асырылуда.  

Кәсіподақ төрағасы Ғайни Шонаевтың мәліметінше, сала кәсіподағының ұйытқы болуымен қайырымдылық көмек, мәдени іс-шаралар, спорттық жарыстар жиі өтеді. Республика күні, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні, Халықаралық әйелдер күні, Көлік қызметкерлері күні басқа да атаулы күндерге орай арнайы шаралар, әлеуметтік қоржын бойынша қайырымдылық акциялары өткен. Биыл Құлсары қаласында су тасқыны кезінде көптеген үйлер суға кеткені белгілі. Олардың ішінде «ӘТЖК» қызметкерлерінің де үйі болды. Соған сай, үйлері суға кеткен үш қызметкерге қайырымдылық көмек ретінде 300 000 теңге қаржылай көмек берілген. Маңғыстау өңіріндегі командалар арасында Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өткізуге 170 000 теңге және Атырау өңіріндегі командалар арасында Кәсіподақ күніне орай «Толағай» спорттық сайысын өткізуге 130 000 теңге қаражат бөлініп, жеңімпаздар марапатталған. Жалпы 2024 жылдың 10 айында қайырымдылық, мәдени-спорттық шараларға 4 471 000 теңге, ал 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың VII тарауының 13 тармақшасының (Серіктестік қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті) орындалуы бойынша барлығы 13 712 426 теңге жұмсалған.

– Филиал бойынша тізімде 111 зейнеткер тіркелген. Оларға жыл сайын Қарттар күніне азық-түлік пакеттері таратылып, мерекелік іс-шараларға шақырамыз. Мүгедек қызметкерлерімізге және қызметкерлеріміздің мүгедек балаларына жыл сайын қайырымдылық көмек көрсетіледі. Бұдан басқа 7-13 жас аралығындағы мектеп оқушыларына жыл сайын жазғы демалыс лагері ұйымдастырылады. Қысқасы, кәсіподақ ұйымына мүше әрбір азамат қамқорлықтан кенде болмайды, – дейді Ғайни Шонаев.

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!