ҚТЖ мониторингтік топтары тұрғындар үшін коммуналдық-тұрмыстық көмірді түсіруді жүзеге асыратын елдің көмір тұйықтары бойынша бақылау жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Тексеру қорытындысы бойынша қоймаларда шамамен 570 мың тонна көмір жинақталған. Вагондармен қамтамасыз ету, беру және тасымалдау проблемалары тіркелген жоқ.  

ҚТЖ тарапынан коммуналдық-тұрмыстық көмірмен вагондарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды. Компанияда тұрғындар үшін отын тасымалына мониторинг пен үйлестіруді жүзеге асыратын жедел штаб жұмыс істейді.