Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста

Әлеумет
28.01.2026, 16:55
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Жолаушылар тасымалы» АҚ халыққа теміржол көлігінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Маңғыстау – Алматы бағытына қатынайтын жолаушы пойызына 25 пайыздық жеңілдік енгізіп отыр.

Бас директордың маркетинг және қызмет көрсету бойынша орынбасары Сұлтан Шабидиновтің айтуынша, 20 қаңтардан бастап №77/78 «Алматы-Маңғыстау» пойызына, купе вагондарының жоғарғы орындарына билет құны 25% жеңілдікпен сатылуда. Жеңілдік екі бағытқа да қатысты. Мүмкіндік мерзімі 12 наурызға дейін созылады. Жолаушылар тарапынан тұрақты сұраныс пен оң әлеуметтік әсер байқалған жағдайда, алдағы уақытта басқа да кезеңдерде ұқсас тарифтік шешімдерді енгізу мүмкіндігі қарастырылады.  

– Бүгінде билетке маусымдық сұраныстар басталмаған кезеңде аталған бағыттағы пойыздардың орташа жүктемесі шамамен 50% деңгейін көрсетеді. Сондықтан теміржол тасымалының тартымдылығын және жолаушыларға қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ сұраныс жоғары болмаған мерзімде де пойыздардың жүктемесін оңтайландыру мақсатында купе вагондарының жоғарғы орындарына жеңілдік енгізу жобасын іске асырудамыз. Нәтижесі жаман емес, әлі көпшіліктің хабары болмаса да бес-алты күннің ішінде бес жүз шақты билет жеңілдікпен сатылды. Оны барлық сату арналары, атап айтсақ, ішінде теміржол кассалары, bilet.railways. kz ресми интернет-порталы, мобильді қосымшалар және серіктес агрегаторлар арқылы алуға болады.  

Бұл бірінші рет емес, бұрын да тәжірибеде болды. Өткен жылы да 22 қыркүйек пен 12 желтоқсан аралығында купе вагондарының жоғарғы орындарына 25% көлемінде маусымдық жеңілдік ұсынылды. Сол кезде жоғарғы орындар сұраныста болды. Жалпы, жеңілдіктер енгізудегі мақсат – алдымен халыққа ыңғайлы жағдай жасау. Әсіресе жастар мен белсенді жолаушылар үшін сапар құнын төмендету, жолаушылар ағынын жоғарғы орындарға бағыттау арқылы төменгі орындардың қолжетімділігін арттыру, – деген Сұлтан Шабидинов жолаушылар компанияның қолданыстағы дисконттық карталарын пайдаланып та жол жүру құнын одан әрі төмендете алатынын айтады.  

Демек, «Алтын», «Күміс», «Жастар» және басқа да дисконттық карталар иелері үшін белгіленген тарифтік жеңілдіктер жоғарғы орындарға ұсынылатын акциялармен қатар қолданылады. Нәтижесінде жолаушылар үшін жалпы жеңілдік мөлшері екі есе тиімді бола түспек.

 

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті