Кемшілік көбейіп тұр...
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі ревизоры Шәміл Мүбарак алға тартқан мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың сегіз айында бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 12 рет орын алып, өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіштен 5 ретке артып 58 пайызға көбейген.
–Жыл басынан бері Сыр өңіріндегі темір жол телімдерінде тұрақты жүргізілген шаралар нәтижесіз болып тұр, себебі пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 2015 жылмен салыстырғанда қауіпсіздікті бұзушылықтардың санын біршама көбейтіп алдық, сондықтан бұл салада әлі де болса жұмыстарды ширата түсеміз – дейді бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Шәміл Мүбарак.
Өткен жылдың есепті мерзімінде ақау тіркелмегенмен, биылғы 8 ай ішінде №19-бекетте маневрлік жұмыс барысында жылжымалы құрам станциялық жолдан шығып кетіп ақау тіркелген. Және де қауіпсіздіктің бұзылуының бірден бір себебі, осы телім бойында малға қарсы қоршау салынбағандықтан, иесіз малдың рельс бойына шығып кетіп, пойыз астына түсуі мал басу оқиғаларының көбеюіне себеп болып отыр. Сегіз айда 6 рет жұмыстағы қиыншылық оқиғасы болған. Бұлардың біреуі машинистің жолдағы «соққыны» мәлімдеуі болса, қалған бесеуі жаңағы айтқандай, иесіз малдың жылжымалы құрам астына түсіп қалуы екен. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш екі рет тіркелген. Қауіпсіздікті бұзушылықтың өзге де оқиғасы, яғни 4 рет адам басу және 1 мәрте автокөліктің жылжымалы құрамаға соқтығысу жайы биыл да былтырғы жыл деңгейінде қайталанған. Бұл жайлар жол бойы еңбеккерлерінің мәртебелі қызметінде кемшіліктің қылаң бергенін байқатқандай. Сондықтан қырағылықты күшейту шаралары қолға алынып, темір жол мекемелері басшылары бас қосқан жиында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде көтеріліп отыр.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті