Күш біріктіретін күн туды

Әлеумет
10.04.2020, 12:33
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент темір жолының жастары еріктілер жылы басталғалы талай игі істерге мұрындық болды. Ал қазіргі таңда бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирус пандемиясы шыққалы жастар белсенділігі екі есе артып отыр.

Себебі, шын мәнінде қайрат қылар, күш біріктірер күн енді туды деп санайды олар.

Шымкент бөлімшесінің жастар ісі жөніндегі кеңесінің аймақтық өкілі Ердос Әлішер бастаған еріктілер тобының қатары соңғы айда бірнеше есеге өсіпті. Теміржолшы-жастар осы аптада қала әкімшілігінің қолдауымен 4 бірдей мөлтекауданда 20 мың дана бетперде мен иммунитет көтеретін аскорбин қышқылын таратқан.

Сонымен қатар, жастар өз алдына қаржы жинап, көпреттік 300 маскаға тапсырыс беріп, 500 маска қалалық әкімшіліктен алып, ауысыммен жұмыс істейтін теміржолшыларды аралап жүріп 800 маска таратқан. Олар Шымкент, Қазығұрт, Қызылсай, Жетісай станцияларынан бөлек, қаладағы вокзал шаруашылығы, жолшыларға, тауар кассирлеріне екі-екеуден көп реттік маскалар мен короновирустан қорғану ескертпесін таратты. Ал теміржолшыларды антисанитариялық заттармен Шымкент ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ комитеті қаржыландырып отыр.

Жастар ісі кеңесінің бір тобы бүгін Арыс пен Қазығұрт ауданы жақта орналасқан блокпосттарға барып, әскери қызметшілер мен медицина мамандарына ыстық тамақ таратса, ерікті жастардың екінші тобы Шымкент станциясында еңбек ететін жалғызбасты ана Әлия Қалтаеваға көмектесіпті. Жеті баланың анасына азық-түлікпен қатар вирустың алдын алатын құралдар жеткізіп берген. 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді