Шымкент теміржолының жастары соғыс ардагерлерге азық-түлік пакеттерін жеткізіп берді

Әлеумет
06.05.2020, 09:31
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы қарсаңында Шымкент теміржолының жастары соғыс ардагерлеріне азық-түлік салынған себеттер үлестірді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Петр Гончаров, Иван Борисов, Қалтай Бектасов, Халил Ергешов, Нина Мосунова, Қадыр Атажановтар кешегі қан майданды көзбен көрген санулы майдангерлер.

Аталған барлық ардагердің шаңырағына соққан жас теміржолшылар майдангер қарияларға азық-түлік үлестіріп қана қоймай, олардың қолын алып, денсаулықтарын сұрап, көңіл-күйлерін көтеріп қайтты.

Осыдан 75 жыл бұрын болған шайқастың көзі тірі куәгерлеріне құрмет көрсетіп, төтенше жағдай кезінде денсаулықтарын күтіп, індеттен абай болу керектігін ескертті. Өз кезегінде кешегі қан майданның жауынгерлері, бүгінгі ұрпақтың мақтанышы қариялар жас теміржолшыларға алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

Олар еліміздің ертеңі жастар екенін, қазіргі әлемдік пандемия орын алса да қайырымдылық пен қолдауға ештеңенің кедергі бола алмайтынына тағы бір көздерін жеткізді.

Бұдан бөлек, теміржолшылардан құралған ерікті жастар тобы қайырымдылық іс-шараны Түркістан облысы мен қалалық шекараны байланыстыратын блокпосттарда жалғастырды. Ондағы медицина мамандары мен қауіпсіздікті сақтайтын қызметкерлерге ыстық тамақ пен сусындар жеткізді.

Сонымен қатар, қалалық əкімшілікпен келісімді түрде қаланың шеткі мөлтек аудандарына, əр отбасыға вирустың алдын алу мақсатында медициналық бетперделер таратты. 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді