«2020 қайырымды іс» жобасы пандемия кезінде де жалғастыруда

Әлеумет
28.07.2020, 12:44
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент теміржолының жастары «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша қолға алынған «2020 қайырымды іс» жобасын пандемия кезінде де жалғастырып келеді. Жалғастырып қана қоймай, бұрынғыдан да арттыра түсті.

Шымкент локомотив депосының пайдалану бойынша инженері Рахымжан Нұрмұрзаев – сол жалынды жастардың бірі.

«Бүгін 500 бетпердені «Біз біргеміз» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің демеушілігімен теміржолдан екі ерікті, Жастар ресурсы орталығынан 16 ерікті тұрғындарға таратып шықтық. Біз аптасына үш рет қай күнге жоспарланады, сол күндері шығамыз. Карантин кезінде ашылған провизорлық орталықтардағы медицина қызметкерлеріне тамақ тараттық. Ертеңгі жоспарда 200 жағдайы төмен отбасыға ірі супермаркет Грамадан азық-түлік алып таратамыз. 18 маусым күні біз Шымкент қаласындағы «Аэрогаз» фирмасына шыққан болатынбыз. Аталған фирма пандемия шықпай жатып күніне 15-20 кислород баллон шығарған екен. Қазір індеттің өршуіне байланысты аталған зауыт күніне 300400 кислород баллонын беріп жатыр. Біз осы оттегі толтырылған баллондарды қала бойынша 9 ауруханаға таратып шықтық. Олардың өз жұмысшыларының саны жетпей көмекке еріктілерді шақырғандықтан біз дереу жетіп бардық, көріп отырмыз жағдайдың қандай қиын екенін, ауа жетпей қиналған жандарға бір минут болса да оттегі ертерек жетіп, бір өмірдің болса да сақталып қалуына себепші болсақ – біздің мақсаттың орындалғаны», – дейді Рахымжан Нұрмұрзаев.

Айта кетейік, маусым айында «Біз біргеміз» акциясы аясында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы жалпы саны 1000 отбасыны азық-түлікпен қамтыды.

Соның ішінде 200 лимиті теміржолшы отбасыларына бөлінді. «Былтыр да ерікті болып жұмыс істегенмін. Жалпы, өзіме ерікті болу ұнайды. Адамдардың алғысын алып, олардың қуанғанын көрудің өзі бір ғанибет екенін осы ерікті болып жүріп сезіндім. Шымкент қаласында жалпы 9 еріктілер клубы бар. Солармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Олар қандай акция болса да бізді шақырады.

Біз еріктілер жылы бітсе де жұмысымызды жалғастыра береміз деп шештік. Ерікті болып жүріп байқағаным, қалада әлеуметтік жағдайы төмен, пандемия кезінде жұмыссыз қалған, пәтер жалдап тұратын көпбалалы отбасылар көп екен. Біз жағдайы жоқ отбасылардың тізімін Шымкент жастары мен «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша алып, аралап шығамыз. Теміржолшылар болса бөлімшедегі кадр-кәсіподаққа мәліметтерін береміз, алдағы уақытта көмек болып жатса ескерсін деп», – дейді волонтер Нұрмұрзаев.

Бәрекелді дейміз, биыл Мемлекет басшысының жарлығы бойынша еріктілер жылы болып жарияланғаны белгілі. ҚТЖ 2020 жылы 2020 игі іс атқарады деген ұстаным бар. Алғашқы жартыжылдыққа жетпей-ақ теміржолдың жастары қайырымды іс-шаралар легін әлдеқашан 2020-ға жеткізіп тастады. Бір ғана Шымкент өңірінің еріктілері жыл басынан бері 600-ден аса игі іске мұрындық болыпты. 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді