Болашақ теміржолшылар да қатысуда

Әлеумет
12.08.2020, 10:54
Асхат Райқұл

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жастар – Ел тірегі» ұлттық жобасы сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізуді мақсат етеді. Бағдарлама аясында Тараз темір жол көлік және коммуникация колледжі осы екі мамандық бойынша қатысуда.

Арнайы пәндер оқытушысы Жеңіс Тайбековтің сөзіне қарағанда, тоқсан жылдық тарихы бар арнаулы орта білім ордасының бұл үдеден шығуға толық мүмкіндігі бар.

«Біздің колледжде бүгінде 700-ге тарта болашақ теміржолшы білім алады. Ал мынау жобаның арқасында білім ошағының материалдық-техникалық базасы бұрынғыдан да нығайып, құзіреттілік орталығы пайда болатынына қуаныштымыз», – деп атап өтті ол.

Бағдарлама аясында дайындалатын мамандықтарды оқытушылардың бірі Төлепберген Ділдабеков енді сала мамандарының сапасы арта түсетініне сенімді.

«Жас кадр әрбір саланың ертеңгі тұтқасы емес пе? Теміржол саласының экономикамыздың күретамыры екені тағы белгілі. Жобаға қатысатын маман дықтардың бірі – Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету болса, бұл бойын ша білім алушылар электровоз машинисінің көмекшісі және тепловоз машинисінің көмекшісі болып шығады. Содан соң тәжірибелерін арттыра келе, қызметтері өсе береді. Екіншісі – Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару. Бұл бойынша оқыған студенттер сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электр монтері болады», – деді Т.Ділдабеков.

Колледж студенті Дінмұхамет Серікбаев мемлекетіміздің жастарға сенім артып, осындай мүмкіндік беріп жатқанына қуанышты. Оның ойынша, бұл жоба білім алушыларға үлкен мүмкіндіктер береді. Оқу орнынан кейін жұмыспен қамтылуға септеседі. Ең бастысы, сапалы білім алуға негіз болады. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады