«Жеңіс» жобасы өңірде әлі де жалғасын табуда

Әлеумет
18.08.2020, 14:07
Асхат Райқұл

Әулиеата өңірінің жастары пандемия уақытында бұрынғыдан да белсенді жұмыс жүргізіп, қарт кісілер мен көп балалы отбасыларға қолдан келгенше көмек қолдарын созып келеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай қолға алынған «Жеңіс» жобасы өңірде әлі де жалғасын табуда.

Жастар бұл қайырымдылық шараның бел ортасында жүр. Жобаның өңірдегі Байзақ ауданы бойынша үйлестірушісі, жас теміржолшы Азамат Сыдықовтың айтуынша, аталған шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсетуде.

«Жоба барысына қырыққа жуық соғыс және еңбек ардагерін мерейтоймен құттықтап, азық-түлік себеттерін табыс еттік. Олардың арасында облыс орталығынан алшақ қоныс тепкен ардагерлер де бар. Біз, еріктілер, Отан үшін, ұрпақ үшін үлкен қиындықтарды бастарынан өткерген қариялардың қалжағдайларын біліп, керек-жарағын жеткізіп беріп, үй шаруаларына да көмектестік», – дейді Азамат Дәулетханұлы.

Жоба аясында еріктілер жалғызбасты ардагерлердің қандай көмекке мұқтаж екендіктерін күні бұрын сұрап алып, соған орай қол ұшын созған. Еріктілердің қатарында Азамат Құндызбаев, Арайлым Ермекова, Асқар Мади маров, Ерасыл Әбілдаев сынды белсенді жас теміржолшылар бар.

«Президенттің тікелей бастамасымен биыл Еріктілер жылы болып жарияланғаны мәлім. Осы орайда «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ҰК» АҚ «2020 қайырымды іс» жобасын қолға алған болатын. Бұл шараның шарты бойынша еріктілер жыл аяғына дейін 2020 қайырымдылық іс атқару керек болатын. Алайда, біздің бүгінге дейін ұйымдастырған шаруаларымыздың саны одан асып түсті. Бір ғана Жамбыл жол дистанциясының жас мамандары тұрмысы төмен, көп балалы, әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға түрлі көмектер жасады. Қан орталығына барып, науқастарға донор болып, қан тапсырды. Аула тазалау, қорғаныш маскасын тігу сынды игі істерді де назарымыздан тыс қалдырған жоқпыз», – дейді Азамат Сыдықов.

Жиырма тоғыз жастағы теміржолшы ерікті болуға алдымен жазылып, төңірегіне өзі секілді жастарды топтастыра білген, сөйтіп жоспарлаған ойларын бірінен соң бірін жүзеге асырған.

«Елімізде қауіпті індеттің өршіп тұруы себебінен карантин режимін енгізгеніне байланысты жүріп тұру қиындықтарына қарамастан қатаң ережелерді сақтай отырып, еріктілермен бірге мыңдаған шақырымды артқа тастап, шалғай жатқан ауылаймақтарды араладық. Аймақтағы Талас, Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Сарыкемер, Бұрыл, Көктал, Жетібай, Дихан, Жақаш ауылдарында 40-қа жуық соғыс және еңбек ардагерлерінің шаңырақтарында болып, қарияларға көмек беріп,баталарын алғанымыздың өзі бақыт», – дейді ерікті.

Жас теміржолшылар қарияларды іздеп барғанда, олар жас баладай қуанып қалады екен. Тіпті, ұлқыздарының алдында мақтанып, марқайып қалатын көрінеді.

Еріктілердің бірі, жас теміржолшы Асқар Мадимаровтың сөзіне қарағанда, жастар қиынқыстау заманда қан майданда қиыншылықтарды бастан өткерген қарт жауынгерлердің әңгімелерін де қызыға тыңдап, соғыс жайлы көп сырға қаныққан.

«Аталардың әңгімесінен өзіме үлкен сабақ, ерекше энергия алып, жігерлене түстім. Біз де қарияларға бүгінгі жаңалықтарды жеткізіп, өсіп келе жатқан жастардың жүректерінде мейірім бар екенін және ардагерлердің еңбектері еш ұмытылмайтынын жеткізуге тырыстық», – дейді ол.

Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды