Ұлы ақын мұрасына тағзым

Әлеумет
28.08.2020, 14:16
Асхат Райқұл

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – Жамбыл теміржол бөлімшесінің ұжымы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған челленджге үн қосты. 

Олар ең алдымен арнайы бейнежазба әзірлеп, бөлімше директоры Үмітбек Рысбековтің бастамасымен данышпанның «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындайды. Содан соң өндірістіктехникалық бөлімнің оқу бойынша нұсқаушысы Азамат Досжанов Абайдың рөлін сомдай отырып, бірінші қара сөзін нақышына келтіріп оқыды. Әрі қарай бейнежазба персоналдармен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Айнагүл Нағашбектің орындауындағы «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы» өлеңімен, қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Медет Ошақбаевтың оқуындағы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен жалғасты...

Аса станциясының жүк қабылдап-тап- сырушысы Аина Несіпбаева оқыған «Әсемпаз болма әрнеге», логистика және тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Бауыржан Устаев оқыған «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен жалғасып, Бурыл станциясының жүк қабылдап-тапсырушысы Рузана Азимова оқыған «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат», Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Мейіржан Орысбай оқыған «Тұлпардан тұғыр озбас, шабылса да», Жамбыл вагон пайдалану депосының нұсқаушысы Рахман Құдайберген оқыған «Есіңде ме жас күнің?», Тараз станциясының парк бойынша кезекшісі Ғалымжан Сейіт оқыған «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап», Жамбыл локомотив пайдалану депосы кадр бөлімінің бас маманы Гүлвира Нұрбаева оқыған «Жүрегім, нені сезесің?», қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Бекжан Абдыбаев оқыған «Қасиетті дұға» өлеңдері де сәтті шықты.

Бейнежазбаның ерекшелігі сол, хакімнің шығармаларын орындаушылар қазақтың ұлттық киімдерін кисе, жалпы таспада еліміздің кең жазира даласы, алтыбақан, жылқы, киіз үй сынды ұлттығымызға тән дүниелер қолданылады.

Сонымен қатар челленджге қатысушылар қатарға тұру арқылы «175» санын бейнелейді. Жамбылдық теміржолшылар ұжымы бұл бастаманы бірауыздан іргедегі шырайлы Шымкент қаласының жол бөлімшесіне жолдады. 

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті