Шымкент вокзалында 1 шілдеден бастап «Ashyq» мобильді қосымшасы енгізілді

Әлеумет
09.07.2021, 13:22
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент қаласының теміржол вокзалында 1 шілдеден бастап «Ashyq» мобильді қосымшасы енгізілді. Содан бері кіреберісте әрбір жолаушы Ashyq қосымшасы арқылы өзінің «жасыл» немесе «көк» мәртебесін растауда. Мұны смартфондағы Kaspi.kz, Homebank, Aitu арқылы немесе вокзал қызметкеріне өзінің ЖСН көрсетуі қажет. Шетелдіктер станциядағы мәртебесін төлқұжат нөмірі бойынша тексере алады. Ал 18 жасқа дейінгі балаларға тексеруден өтудің қажеті жоқ. Сары және қызыл статустағы азаматтар сапарға жөнелтілмейді. Өз мәртебеңізді алдын ала ashyq.kz сайтындағы бейтарап QR-код арқылы тексеруге де болады. Жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушы- лар да енді вокзалға тек «Ashyq» қосымшасы арқылы кіре алады. Мәртебесі «қызыл» азаматтарға 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал «сары» статустағыларға ескерту беріледі. Қазіргі таңда вокзалдың кіреберісінде арнайы қызметкерлер отыр. Олар жолаушыларды кірген кезде «Ashyq» бағдарламасы арқылы тексеріп өткізуде. Айта кетейік, қаланың Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қызыл және сары статустағыларға билеттердің қайтару ережесі бекітілген. Оларға билет құнының 50 пайызы қайтарылады. Ал бір тәулік бұрын вокзалға кіруге рұқсаты жоқ екенін білгендер билетін сол сәтте қайтарса, ақшасын толығымен ала алады. Мамандар билетті онлайн алуға кеңес береді. Себебі, кері қайтарған жағдайда ақшаңыз сол сәтте түседі. Ал кассадан билет алғандар ақшасын кері қайтару үшін біраз уақыт күтеді.

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты