Шымкенттік теміржолшылар 1 жыл ішінде 200 соғыс және тыл ардагеріне көмек көрсетті

Әлеумет
11.08.2021, 10:54
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Өткен жылы «ҚТЖ ҰК» АҚ Еріктілер жылы аясында «2020 қайырымды іс» бағдарламасын қабылдап, нәтижесінде мыңдаған отбасыларға көмек қолын созды. Шымкент филиалы кәсіподақ ұйымының төрайымы Нағима Салықбаеваның ұйытқы болуымен Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі былтыр осы қайырымды істен құр қалмай, өңірдегі тұрмысы нашар, мұқтаж жандарға азық-түлік беріп, тағы басқалай жәрдемдескен болатын. Биыл да осы қайырымды іс жалғасын тауып жатыр. Еріктілер қозғалысының белсенділері Ұлы Отан соғысы мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуді мақсат тұтатын «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасын жалғастырып жатыр. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі қызметкерлерімен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Серік Тлеуімбетовтің айтуынша, «Жеңіс» жобасы аясында бір жыл ішінде Шымкент қаласы бойынша 200 ардагер мен тыл ардагеріне көмек көрсетілген. Жалпы есепте 54 ардагер бар. Сондай-ақ Түркістан қаласында да еріктілер тобы құрылып, пандемияға қарамастан жұмыс жасауда. Олар бетперде тағып, антисептиктер қолданып, арақашықтықты сақтап, азық-түлік үлестіріп, басқа да қажеттерін жеткізіп беруде. «Жеңіс» жобасы жыл соңына дейін жалғасады. Жоба аясында мұқтаж жандарға азық-түлік себетінен бөлек бір реттік қажеттілігіне орай қаражат та бөлінеді. Мысалы, қарт ардагерлердің ем алуына, көмір түсіріп беру немесе мүгедектік арбасы, балдақ қажет болуы мүмкін. Оларды алу үшін құжаттарын рәсімдейміз. Қолымызда әлеуметтік жағдайы төмен жалғызбасты ардагерлердің тізімі бар. Ардагерлерге тек азық-түлік апарып бере салмай, қажет нәрселерін жеткізіп берсек деген ниетіміз бар», – деді Серік Бітімбайұлы.

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты