Шымкент теміржолшыларының 90% жуығы екпе салдырды

Әлеумет
07.09.2021, 12:36
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Елімізде ғана емес, әлем бойынша пандемия салдары ушығып тұрғандықтан халық арасында екпе алу, ұжымдық иммунитетке қол жеткізу мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Бұл орайда Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі мен магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 86,8% алып үлгерді. Мәселен, ПЧ-53 кәсіпорнынан 326 теміржолшы, ПЧ-54 бойынша 441 адам, ШЧ-37 кәсіпорнынан 159 адам, ШЧ-38 – 210, ЭЧ-24 – 256, МБ Арыс – 22, т.б. жалпы 1667 адам вакцина алған. Бұл – тек НЖС-9 бойынша ғана екпе алғандар. Ал ЖТ-9 бойынша 2811 адам, оның ішінде ТЧЭ-32 Арыс - 908, НОД-9 Шымкент – 1074, ӘТЖК Шымкент – 824, «Теміржолсу-Арыс» ЖШС – 130 т.б. кәсіпорындарды қосқанда жалпы саны 5599 адам екпе алды. Жалпы, аймақтағы теміржолшылар көбіне ресейдің «Спутник V» вакцинасын алған. Вакцинация процедурасы «Shymkent Medical Services» ЖШС-де әлі де жүргізілуде. Сондай-ақ, бөлімшеде аймақ бойынша вакцина алғандар арасында марапатталғандар бар. Бұл қызметкерлер мен жұмысшыларды өз денсаулығы мен айналасына жауапты қарауға, екпе алуға ынталандыра түседі. Шымкент жол дистанциясының басшысы Дәурен Бахиев, Арыс жол дистанциясынан Махмуд Рысбеков, Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясынан Болат Қасымбеков, Арыстағы белгі беру және байланыс дистанциясынан Нұрлан Жүнісов, Электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Рауан Сүлейменов пен Арыс материалдық-техникалық жабдықтау базасының басшысы Әзімбек Ақтөреев ұжымда вакцинациялауды жақсы ұйымдастыра білгені үшін Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Н.Бастаровтың алғыс хатымен марапатталды.

«Қызметкерлеріміз жүз пайыз вакцина алды деп айта алмаймыз. Себебі, вакцина ерікті түрде әрі кейбір персоналдардың медициналық себептері бар. Дегенмен, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіп отырмыз», – деді кадр бөлімінің бастығы Балжан Назарова.
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты