Арыс пен Түркістанда қатар өткен екі күндік спорттық жарыс мәресіне жетті

Спорт
22.12.2021, 10:26
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы жергілікті теміржолшылар арасында екі күндік жарыс ұйымдастырды. Арыс пен Түркістанда қатар өткен спорт додасына аймақтағы кәсіпорындар түгел қатысты.

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бастығының Түркістан өңірі бойынша орынбасары Ғани Меңдібаев пен Шымкент кәсіподағы филиалының төрайымы Нағима Салықбаева көпшілікті тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, командаларға жарыс жолында сәттілік тіледі. Бірінші күні теміржолшылар үстел теннисі, шахмат, дартс, мини-футболдан бақ сынасты. Арыс қаласындағы Орталық стадионы мен Түркістан қаласындағы «Нұр» спорт кешенінде өткен жарысқа қатысушылар да, жанкүйерлер де көп боды. Екі күнді нағыз спорт мерекесіне айналдырған теміржолшылар аса белсенді болды. Футбол алаңында да, шахмат сайысында да, теннис пен дартс ойынында да кәнігі спортшылардан кем түспей, соңғы сағаттарға дейін жеңіс үшін таласып баққан командалар жан алып, жан беріскен ойынның нағыз үлгісін көрсетті. Дегенмен, жарыс пен бәсеке болған жерде жеңіс бар, сайыстың нәтижесі бойынша шахматтан 1-орынды локомотившілер – ТЧЭ-33, 2-орынды Түркістан станциясы, 3-орынды Сарыағаш станциясы алды. Ал теннистен 1-орынды Сарыағаш станциясы, 2-орынды ТЧЭ-33, 3-орынды байланыс-белгі беру дистанциясы – ШЧ-38 иеленді. Дартс ойынынан 1-орынды Түркістан станциясы, 2-орынды ТЧЭ-33, 3-орынды Сарыағаш станциясы, ал мини-футболдан 1-орынды ШЧ-38, 2-орынды Сарыағаш станциясы, 3-орынды ТЧЭ-33 өзара бөлісті. Арыс пен Түркістанды екі күн дүбірлеткен спорт додасы осылай мәреге жетті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар табыс етіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті