«ҰмтылFest»: Финалда кездесетін командалар анықталды

Спорт
24.04.2023, 10:39
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Өткен сенбіде теміржолшылар қатысып жатқан «ҰмтылFest» спорттық іс-шарасының соңғы іріктеу сайысы өтті. Іріктеуден өткен командаларды алыда финал күтіп тұр.

«Көңілді старттың» осы жолғы кезеңіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның елордадағы еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Сайыс барысында Дружба, Барыс және Максимум құрама командалары бақ сынасып, кім мықтыны анықтады.

Ойынның шарты бойынша 10 адамнан тұратын 3 команда эстафеталық ойынның он түрінен жарысады. Команда құрамы жеребе арқылы анықталады, яғни бір команда құрамында әртүрлі мекеменің қызметкерлері өнер көрсетеді.    

Сенбіде сергек келген ойыншыларды ҚТЖ басшылығы қолдай келіпті. Жарыстың ашылуында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Серік Кеулімжаев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов, «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС-і бас директорының ұжымдық мәселе жөніндегі орынбасары Досбол Күлекеев қатысушыларға сәттілік  тіледі.

Сонымен көп күттірмей сайыс та басталды. Ұйымдастырушылар әр сайыстың алдында ойын тәртібін түсіндіріп отырды. Жарыстың қызығы да сол, келген қатысушылар қандай ойын түрінен бақ сынайтындарын білмейді, ойынның шарты тек сол жерде түсіндіріледі.  

Сайыс кезінде командалар доптың үстіне отырып та секірмемен секіріп те  жарысты. Оған қоса, түрлі кедергілерден тұратын эстафеталық ойындар жарыстың көркін одан сайын қыздыра түсті. Бірі шалынып құлап жатса, тағы бірі ептілігін көрсетіп кедергілерді оңай еңсеріп жатты. Алғашқы ойындарда Дружба командасы жоғары ұпаймен алға шыққан еді, кейін ойын ауаны өзгеріп Барыс командасы оларды басып озды. Ойындағы негізгі тартыс осы екі команда арасында өрбіді десек те болады. Шапшаң қимылдап, берілген тапсырманы мұқият орындай білген Барыс командасы жеңімпаз атанып, келесі аптада өтетін финалға жолдаманы ұтып алды.  

Ұпай санының нәтижесі:

Барыс – 89 ұпай;

Дружба – 83,9 ұпай;

Максимум – 61,2 ұпай.

Айта кетсек, жарыс 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең филиал қызметкерлері арасында өткен. Екінші кезеңде Орталық аппарат қызметкерлері өнер көрсетті. Осы жолғы үшінші кезеңде еншілес ұйымдар бақ сынасты.  Әр кезеңде топ жарған Барыс, Адреналин және Несокрушимые командалары келесі сенбіде финалда кездеседі.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабұлова жарыстың мақсаты – корпоративтік құндылықты арттырып, қызметкерлерді бір-бірімен таныстыра отырып салауатты өмір салтын насихаттау дейді.  

«Бүгінгі жарыс барысында қызметкерлер салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындарын көрсетті. «ҰмтылFest» спорттық іс-шарасы бір ай бойы Астана қаласында орналасқан кәсіпорын қызметкерлері арасында өтті. Осыдан кейін челлендж ретінде өзге аймақтарға жібереміз, ол мамыр айында өтеді», – деді А.Байғабылова.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті