Түлкібас станциясында дартс атудан жарыс өтті

Спорт
23.04.2025, 13:24
Оқуға 1 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ филиалының спорт нұсқаушылары ұйымдастырған жарысқа ПЧ-52 Түлкібас жол дистанциясының қызметкерлері қатысты.  

Дартс – жеңіл спорттық ойын саналғанымен, дәлдік пен стратегияны қажет ететін жарыс. Тарихы орта ғасырлардан басталатын дартс спорты бүгінде әлемде кең таралған. Ережесі қарапайым десек те, қатысушыдан тактика мен техниканы талап етеді. Кәсіби дартс жарыстары әлемдік деңгейде өткізіледі. Оның BDO және PDC сияқты ірі лига турнирлері бар.

– Теміржолшылар арасындағы жарыс классикалық үлгіде өткізілді. Жеңіл спорттық ойын саналса да, дартс атудан әйелдер мен ерлердің мергендігін бір санатта бағалауға болмайды. Сондықтан бәсекеде жеңімпаздар екі бөлек анықталады, – дейді кәсіподақ ұйымының спорт нұсқаушысы Евгений Тян.

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында жетекші маман Гүлмира Жетпісбаева, жетекші инженер Татьяна Гаенко және техникалық бөлім бастығы Ғазиза Сүлейменова үздік шығып, жүлделі орындарды бөлісті.

Ерлер арасында инженер-экономист Қайсар Телеуов, электроника инженері Сегізбай Азат және есеп бөлімінің бастығы Мұхит Күбегенов мергендігімен танылып, үштікті түйіндеді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді