Сарыағаш станциясы Орта Азиямен жүк алмасатын негізгі қақпа

Станция тынысы
14.02.2022, 09:24
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Орта Азияның теміржол қақпасы аталып кеткен Сарыағаш станциясының еліміздің темір жол жүйесі үшін маңызы зор.

Ел тәуелсіздігіне дейін Өзбекстан темір жолының балансында болып келген Сарыағаштың 2003 жылы Қазақстан теміржолының қарамағына өткені сол жылдардағы айтулы оқиғаның бірі болды. Ал 2005 жылы станция өзбек және қазақ теміржолы арасындағы мемлекетаралық түйісу пунктіне айналды. Жалпы, сол жылдары Шеңгелді-Сарыағаш, Пахтаарал-Жетісай учаскелері Қазақстан темір жолының иелігіне өтіп, Шымкент жол бөлімшесінің құрамына берудің ең тиімді тұсы – еліміздің мемлекеттік шекарасында жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезінде пәрменді шекаралық және кедендік бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Екіншіден, жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік шиеленістің төмендеуіне ықпал етті. Бүгінде станцияда 240 адам еңбек етеді. Барлығы да жергілікті тұрғындар.

Қазіргі таңда Сарыағаш учаскелік шекаралық станция және кластан тыс станцияға жатқызылған, он қабылдап-жөнелту жолы бар. Жолаушылар пойызын қоспағанда Өзбекстан тарапынан келген жүк пойыздарын қабылдау және тапсыру 25 жұпты құрайды. Орташа тәуліктік вагон айналымы – 2600 вагон. Транзиттік пойыздардан бөлек, станциядан тиелетін жергілікті жүктер де бар, көбіне минералды сусын, картоп, жаз айларында қауын-қарбыз, жеміс-жидек, т.б.

Станция бастығы Нұрдәулет Байғазиев көрші ел теміржолшыларымен қоян-қолтық жұмыс істей тін шекаралық бекеттің жұмысы күрделі де қауырт екенін айтады. Өткен жылы комиссиялық айлық тексеру кезінде 1192 ескерту алып, станция басшылығы анықталған ескертулер бойынша түзету және алдын алу іс-шараларының жоспарын жасаған. Сондай-ақ, станция бастығы нормативке сәйкес пойыздар қозғалысы мен маневр- лік жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындау деңгейіне бақылау жүргізу үшін 154 кенеттен кешенді тексеру жүргізген, оның ішінде 53 тексеру тәуліктің түнгі уақытында жүргізіліпті. Станцияда «Тежегіш табандық – ерекше бақылау» айлығында да тежегіш табандықтарының жоғалуы, ұрлану және ұрлану ықтималдығын болдырмау бойынша іс-шаралар өткізілді. Еңбекті қорғау бойынша «вагонның (тұтқалардың, сатылардың, алаңдардың) технологиялық жабдықтарының жарамдылығы» бойынша тексерулер KTZ HSE мобильді қосымшасына енгізіле отырып, жүзеге асырылған.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті