Бершүгір станциясы биыл жүк тиеу көлемін 3 млн тоннадан асыруды көздеп отыр

Станция тынысы
26.04.2022, 12:10
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ– ЖТ» ЖШС Батыс аймақтық филиалына қарасты Бершүгір станциясынан өткен жылы 2 миллион 700 тонна қиыршық тас тиеліп, жөнелтілген. Жол картасы бойынша жұмыс жоспарының артуына байланысты станция биыл жүк тиеу жұмыстарының көлемін 3 миллион тоннадан асыруды көздеп отыр.

Станцияда жүк тиеу жұмыстары өткен жылдың жаз айында қарқын алды. Станция басында тоғыз кірме жол бар, олардан күніне 200-250 вагон қиыршық тас тиеліп жөнелтіліп жатты. Бершүгір аумағынан шығарылатын қиыршық тасқа Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Орал облыстарынан сұраныс көп. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстанда қиыршық тасқа сұраныс айтарлықтай артқан. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында Бершүгір қиыршық тас зауыты жол құрылысына қажетті тауарлы ірі фракциялы қиыршық тас өндірісінен сұранысқа ие жоғары сапалы ұсақ фракциялы қиыршық тас өндірісіне ауысты.

"Станциядан тек республиканың іші емес, көрші елдерге, Ресей мемлекетіне де қиыршық тас жөнелтеміз. Теміржол тасымалында, вагондарды дайындау, тиеу, жөнелту жұмыстарында кедергі болған емес. Бүгінде жол картасы аясында жұмыс жасап жатырмыз," – дейді Бершүгір станциясының басшысы Серік Жұбаназаров.

Жолаушылар пойызынан бөлек жүк пойыздары үздіксіз үлкен қарқынмен өтіп жатқан станцияда қауіпсіздік мәселесі қашан да өзекті. Бүгінде теміржол бойындағы қоршаулардың бұзылған жерлерін қайта қалпына келтіру, белгі беру қондырғыларының ақаусыз жұмыс жасауын қадағалау, жергілікті тұрғындармен, мал иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мектептерге барып оқушылармен кездесулер ұйымдастырылуда. Барлық станциялар қауіпсіздікті күшейту жөнінде хабарлама алған. Оған теміржол аумағында жылжымалы құрамдармен болып жатқан апатты жағдайлар, күн жылынып көктем келуімен жол бойында төрт түліктің көбеюі, т.т жағдайлар себеп болуда.

"Адамдардың басын жинау қиын болғасын халық көп жиналатын той-садақаларға арнайы барып, темір жолдағы қауіпсіздік жайын түсіндіріп, жылжымалы құрамның қозғалысына кедергі келтірсе, малдың иесіне айыппұл салынатынын, жауапкершіліктің қатаңдатылатынын ескертудеміз", – дейді станция басшысы.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды