Жіңішке станция жүк тиеуде алдыңғы шепте

Станция тынысы
20.05.2022, 10:46
Оқуға 3 мин
©Rail-news.kz
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе іргесіндегі Жіңішке станциясының аты шет елге мәшһүр. Өңірдегі Ақтөбе ферроқорытпа және Ақтөбе хром қоспалары зауыттарымен тікелей байланыста жұмыс істейтін бірінші класты станциядан АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Қытай, Ресей елдеріне жүк жөнелтіледі.

Станцияда экспорт көлемі артқан. Биылғы төрт айда 18 467 вагон жүк тиелген. Экспорт сегментінде кен өнімдері басты орынға ие. Бүгінгі таңда станцияда қайнаған тірлік. Жүк тиеу-түсіру жұмыстары қарқын алған. Отандық кен өнімдері Ресейге, Өзбекстанға, Үндістанға, Польшаға контейнерлік пойыздармен жөнелтілуде екен. Жалпы, жоғарыдағы елдердің бәрі де қазақстандық өнімнің ірі импорттаушылары.

 Биыл төрт айда 18 467 вагон жүк тиелген дедік. Өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар. 2021 жылы 58 мыңнан аса вагон тиеліп, оның төрт айында 17 391 вагон жөнелтілген болатын. Ал 2020 жылы 54 мыңнан аса жүк вагоны тиелген, оның ішінде төрт айда 17 117 вагон тиелген. Биылғы көрсеткіш – 18 467 вагон, яғни төрт айда мыңнан астам вагон артық. 

Шет мемлекеттермен жүк тасымалы жұмысын тиімді ұйымдастыруда тәжірибелері қалыптасқан станцияда жұмыстардың бәрі халықаралық талапқа сай атқарылады. Қауіпсіздік шаралары толық сақталған. 67 кірме жолдың бәрі де жұмыс істеп тұр. Жіңішке станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары Асылбек Садықовтың айтуынша, күніне орташа есеппен 300 вагон тиеледі. 

«Дөң станциясынан кен келеді де әрі қарай экспортталады. Күнделікті жөнелтілетін кеннен бөлек, станцияда экотон мен фатон шығаратын екі кірпіш зауыты бар. Сонымен қатар, Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өнімдерін тасымалдайтын Қызғалдақты станциясының жұмысын да ұйымдастырамыз. АРБЗ өнімдерін елдің барлық аумағына жөнелтеміз. 100 метрлік рельстер күнделікті тиеледі. Ал 25 метрлік рельстерді Ресейге, Өзбекстанға, Түркіменстанға жөнелтіп жатырмыз. Логистика мүмкіндіктері жылдан-жылға артуда», – дейді станция басшысының орынбасары. 

Ел аумағына құрылыс заттарын жеткізу жұмыстарының да денін Жіңішке станциясы ұйымдастырып отыр. Атырау-Астрахань жолының құрылысына қажетті көпірдің бетондары да осы станциядан, бетон зауытынан жөнелтіледі. 

Жіңішке станциясының кезекшісі Асылбек Өсербаев алдында тұрған таблоға қарап отырып, бізді станция жолдарында жүріп жатқан тиеу-түсіру жұмыстарымен таныстырды. «Күніне төрт пойыз жіберіп, төрт пойыз қабылдаймыз. Барлығы – жүк пойыздары. Міне, мына жолда жүк қабылданып жатыр, ал анау жолда жөнелту жұмыстары ұйымдастырылуда, қазір локомотив келеді...» деп тәптіштей түсіндірген Асылбек осыған дейін станцияда пойыз құрастырушы болып 8 жыл жұмыс істеген екен. Бүгінде жүк станциясының барлық қыр-сырын бес саусағындай меңгеріп алған маман. 

Жіңішке бекетінің аға вагон қараушысы Мұхтар Жақыпов ауысымдағы жігіттерімен келген-кеткен вагондардың техникалық жағдайын тексеріп жүр. «Біздің станция жұмысы оңай емес, экспортқа жөнелтілетін вагондар мен контейнерлер жіті тексеруді қажет етеді. Қарамағымда 18 вагон қараушы бар. Бәрі өз кәсібін толық меңгерген мамандар, сырттан келген ешкім жоқ», – дейді ол.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды