Әйтеке би станциясында айына 5 мың тонна астық тиеледі

Станция тынысы
14.06.2022, 10:59
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе өңірінде орналасқан Әйтеке би станциясында бидай экспорттау жұмыстары жылдың төрт мезгілінде ұйымдастырылып келеді. Бұл жерден астық Түркия, Өзбекстан, Ауғанстан елдеріне жөнелтіледі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша станцияда 348 вагоннан жүк түсірілсе, тиелген астық көлемі 41 710 тоннаны құраған. Бұл станциядан тиелген жүктің денін астық өнімі құрап отыр. 2022 жылы да осы жұмыстар жалғасын табуда. Күніне 13-14 жүк пойызы және станция үстімен 3-4 жолаушылар пойызы өтеді. Сонымен қатар Маңғыстау-Семей бағытындағы жолаушылар пойызы, Орал-Алматы бағытындағы Тальго пойызы өтіп жатыр.

Төртінші класты станция басындағы қызу тірлікпен Әйтеке би станциясы басшысының орынбасары Еркебұлан Ермағамбетов таныстырды. Оның айтуынша, станция басында үш кірме жол бар. Оның бірінде, газбен қамтылмаған ауылдардағы мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандарға таратылатын көмір түсіру жұмыстары ұйымдастырылады. Ал «Жайылхан» ЖШС-мен байланысқан кірме жолда астық тиеледі. Өйткені, астықты «Жайылхан» ЖШС-нің 88 вагоны экспорттайды. 

«Айына 4-5 мың тонна астық тиеледі. Бидайды сұранысқа байланысты жөнелтеміз. Біздің міндетіміз – вагондарды астық тиеуге қойып беру. Тиеу жұмыстары аяқталған соң вагондарды жалғап, жөнелтеміз. Биыл мамыр айынан бастап санкцияға байланысты астық өнімін экспорттау тоқтатылып тұр», – дейді Еркебұлан Ермағамбетов. 

Ал «Текше тас» ЖШС-не қарасты кірме жолда Түркістан облысының Сайрам ауданына саз тиеліп жатыр екен. Осы жердің жер қойнауынан шығатын сапалы саз балшығына сұраныс жоғары болып тұр. Бұл сазды қыш бұйымдарын жасауға пайдалануда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды